«Менеджмент» кафедрасының аптасы шеңберінде «Жасанды интеллекттің еңбек нарығына әсері: цифрлық трансформация контексіндегі жастарға арналған мүмкіндіктер мен мәселелерді талдау» тақырыбында жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара кафедраның гранттық жобалары шеңберінде ұйымдастырылды және заманауи еңбек нарығындағы өзгерістерге және жастардың кәсіби бейімделуі мәселелеріне арналды.
Дөңгелек үстел спикері — доктор, қауымдастырылған профессор Айбек Имашев болды. Ол өз баяндамасында жасанды интеллекттің дамуы еңбек нарығына қалай әсер ететінін атап өтіп, цифрлық құзыреттіліктің маңыздылығын және болашақ мамандардың жаңа экономикалық жағдайларға бейімделу қажеттілігін ерекше атады. Іс-шараның құрметті қонағы «Қазақтелеком» АҚ қауіпсіздік қызметінің бас менеджері Айдын Имашев болды. Ол телекоммуникация саласына жасанды интеллектті енгізудің ерекшеліктерін, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін толық қарастырып, еңбек нарығының қазіргі талаптары тұрғысынан практикалық тәжірибесімен бөлісті.


