1 қазаннан 1 қарашаға дейін ЖРВИ, тұмау және пневмококктік инфекцияның алдын алуға бағытталған «Ескерту. Қорғау. Егу!» профилактикалық науқаны аясында Esil University-де 1-2 курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті.
Дәрісті әлеуметтік жұмыс маманы Жүспекова А.Ж. оқыды. Ол маусымдық вакцинацияның маңыздылығы, соның ішінде «Гриппол» препаратын қолдану, сондай-ақ жеке және ұжымдық профилактика шаралары туралы егжей-тегжейлі баяндады.


