Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Сейтқасымов оқулары 2025» халықаралық конференциясы өтті

Esil University-де «Сейтқасымов оқулары – 2025» халықаралық конференциясы өтті. Конференция ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Ғабдығапар Сейтқасымовтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселелерге ерекше назар аударылды. Конференцияның басты акценті — практикаға бағыттылық: тек теориялық аспектілер ғана емес, ғылыми әзірлемелерді экономика мен басқаруда қолданудың нақты жолдары да талқыланды.

Esil University-де «Сейтқасымов оқулары 2025» халықаралық конференциясы өттіEsil University-де «Сейтқасымов оқулары 2025» халықаралық конференциясы өтті

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев және ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров сәлем сөз сөйледі. Пленарлық бөлімде Қазақстанның мемлекеттік құрылымдары мен ғылым өкілдері сөйледі, олардың ішінде — Олжас Қызатов (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі), Алтай Зейнелғабдин (ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы), Алия Байгенжина (ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті) және Жаныбек Нұржанов (ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті).

Халықаралық бөлімде шетелдік сарапшылар сөз алды: профессор Станислав Луневский (Польша), профессор Хэ Сяофан (Қытай), профессор Галина Турбан (Беларусь), профессор Го Шухун (Қытай) және доцент Алмазбек Дооранов (Қырғызстан), олар қаржы мен білім саласындағы тұрақты даму мәселелері мен тәжірибе алмасуға назар аударды.

Конференция аясында ҚР Мәжілісінің депутаты, профессор Бейсенғалиев Берік редакциясымен дайындалған жаңа ғылыми басылымдардың — «Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру негіздері» оқу құралы мен «Халықты несиелеу және тәуекелдерді азайту шаралары» монографиясының презентациясы өтті.

— Бүгінгі конференция ғылым мен практиканың ажырамас ұғымдар екенін айқын көрсетеді. Конференция аясында 250-ден астам ғылыми баяндама ұсынылып, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген өзекті мәселелер талқыланды. Ғалымдарымыздың зерттеулері мен жаңа идеялары экономика мен басқару саласында қолданыс табады деп үміттенеміз. Тәжірибесін бөлісуге дайын болған қазақстандық және шетелдік әріптестерге зор алғысымызды білдіреміз, — деп атап өтті Esil University ректоры Аяпберген Таубаев.

Пленарлық бөліктен кейін конференция жұмысы Esil University кафедралары ұйымдастырған секциялар бойынша жалғасты. Мұнда Қазақстанның қаржы-экономикалық жүйесінің дамуы, білім берудің цифрландырылуы, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттары талқыланды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық