Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өтті

Esil University-де ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің және Еуропалық білім және мәдениет атқарушы агенттігінің қолдауымен Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесі ұйымдастырған Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өтті.

Іс-шараның мақсаты қатысушыларды 2026 жылғы байқаудың жаңалықтары және оны ұйымдастырудың негізгі аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар ету болды.

Esil University-де Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өттіEsil University-де Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні өтті

Жобалық ұсыныстардың сапасын арттыруға және белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бәсекеге қабілетті өтінімдерді дайындау бойынша ұсынымдарға ерекше назар аударылды.

Ақпараттық күнге проректорлар, профессор-оқытушы құрамы, қазақстандық жоғары оқу орындарының әкімшілік қызметкерлері және басқа мүдделі мамандар қатысты.

Бағдарлама Erasmus+ жобалары көрмесіне арналған университеттер стендтерін дайындаудан басталды. Тіркеуден кейін университет басшылығының, Қазақстандағы ЕО өкілдігінің және ҚР ҒЖБМ ЖБКО қатысуымен ресми ашылым өтті.

Пленарлық бөлімде алты спикер Erasmus+ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын таныстырды. Динара Рыспаева ЖЖББО жобасының грантхолдерлік тәжірибесімен бөлісті, Гүлмира Сатыбалдиева EduFusion мысалында құрылымдық реформалар бойынша ұсыныстар берді, ал Дана Өтеген Жан Моне Модуліне бәсекеге қабілетті өтінімдер дайындау туралы айтты. Шамшагүл Маштаева Қазақстанның Erasmus Mundus Design Measure жобасына қатысуын таныстырды, Рауза Менdalиeva ЖЖББО құрылымдық реформаларының басымдықтарын белгіледі, ал Амина Қусаинова EMJM магистратура бағдарламасында оқу туралы онлайн форматта сөз сөйледі.

Іс-шара қорытынды шығарумен, іс-шараны бағалау сауалнамасын толтырумен және жалпы фотосуретпен аяқталды. Күннің қорытынды бөлігі Erasmus+ жобаларының көрмесі болды, онда әр университет өз бастамаларын ұсынып, барлық тілегендер үшін кеңес берді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық