Esil University-де «Дін және дәстүр» тақырыбында Еуразиялық ұлттық университетінің дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты, ғалым-дінтанушы Кеңшілік Тышқанмен кездесу өтті.
Студенттердің діни сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараға біздің университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Кездесу жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


