Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

МВА БАҒДАРЛАМАСЫ​

 МВА бағдарламасының мақсаты – қазақстандық және халықаралық ұйымдарды табысты басқару үшін процестер мен кадрлық активтерді басқара алатын, бизнес саласындағы өзекті білім мен дағдылар жүйесін іске асыратын басқарушылық кадрларды даярлау..

ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

  1. Қазіргі бизнес-ортадағы бизнес-стратегияларды, нарықтарды, теорияларды, модельдерді талдау.
  2. Бизнес мәселелерін анықтау және оларды шешудің ғылыми негізделген тәсілдерін іздеу үшін сандық әдістерді, талдау мен болжаудың экономикалық әдістерін қолдана отырып зерттеулер жүргізу.
  3. Қаржы-экономикалық көрсеткіштердің тұрақтылығы мен өсуін қамтамасыз ету үшін салық салу, қаржылық есеп пен аудит, қаржылық есептілікті талдау бойынша білімдерді жинақтау және қаржылық коэффициенттерді қолдану дағдылары.
  4. Менеджменттің аналитикалық әдістерін, мәселелерді талдау мен шешуді, шешім қабылдау және оларды тәжірибеде жүзеге асыруды жіктеу.
  5. Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін цифрлық құралдарды қолдана отырып, маркетингтік қызметті жоспарлау, талдау және бақылау дағдыларын меңгеру.
  6. Көшбасшылық дағдыларын, тиімді қарым-қатынас, мәселелерді шешу, келіссөздер жүргізу, команда құру тәсілдерін көрсету.
  7. Ұйымның беделі мен іскерлік имиджіне оң әсер ететін мүдделі тараптардың мүддесінде этикалық бизнес-шешімдердің жобаларын әзірлеу.
  8. Инновациялардың түрлері мен оларды басқару стратегиялары туралы іргелі білімді инновациялық процестерді бағалау, форсайт, жаһандық экономикадағы мегатрендтерді талдау дағдыларымен және инновациялық менеджмент құралдарын қолданумен ұштастыру негізінде ұйымдардың инновациялық бизнес-модельдерін жобалау.
  9. Жеке және корпоративтік мақсаттарға қол жеткізу үшін жоспарлау, тайм-менеджмент, коммуникацияларды құру, топтық динамиканы басқару және команда құру дағдылары мен құралдарын қолдана отырып, операциялық және стратегиялық менеджмент саласындағы білімді интеграциялау.
  10. Барлық стейкхолдерлермен тиімді коммуникацияларды дамыту үшін тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескеру.

МВА БАҒДАРЛАМАСЫ ТЫҢДАУШЫЛАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҮКТЕМЕСІ

Оқу мерзімі – 2 жыл

Барлығы- 120 кредит

Теориялық оқыту - 70 кредит

Оқу аяқталған соң академиялық дәреже беріледі: 

7М041 - Іскерлік әкімшілендіру магистрі

Оқыту тілі- орыс, ағылшын.

Атауы

Барлығы академиялық кредит

1

Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру пәндерінің блогы

58

Міндетті компонент

6

Таңдау компоненті

44

2

Тұлғалық даму және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндерінің блогы

20

3

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ)

30

4

Өндірістік практика

8

5

Қорытынды аттестаттау

(магистрлік диссертацияны жазу және қорғау)

12

6

Теориялық оқыту

70

7

Барлығы

120

1 СЕМЕСТР

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНДЕРІНІҢ БЛОГЫ

  1. Бизнес-зерттеу – 3 кредит (МК)
  2. Менеджмент – 5 кредит
  3. Менеджерлерге арналған экономика – 5 кредит

Таңдау курстары

  1. Менеджерлерге арналған бухгалтерлік есеп / Бизнестегі сандық әдістер – 5 кредит

ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНДЕРІНІҢ БЛОГЫ

  1. Келіссөздер жүргізу техникасы/Бизнес-коммуникация – 5 кредит
  2. Сатуды басқару/ Бизнес-модельдеу- 4 кредит

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ) – 3 кредит

2 СЕМЕСТР

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНДЕРІНІҢ БЛОГЫ

  1. Маркетингті басқару/Этика және әлеуметтік жауапкершілік – 5 кредит
  2. HR-менеджмент / Дизайн ойлау – 5 кредит
  3. Корпоративтік қаржы – 5 кредит
  4. Өзгерістерді басқару/Ұйымдық мінез-құлық- 3 кредит

ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНДЕРІНІҢ БЛОГЫ

  1. Қақтығыстарды басқару/ Тайм-менеджмент және өнімділік – 2 кредит
  2. Көпшілік алдында сөйлеу – 3 кредит
  3. Тайм менеджмент және өнімділік – 2 кредит

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ) – 10 кредит

3 СЕМЕСТР

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНДЕРІНІҢ БЛОГЫ

  1. Стратегиялық менеджмент – 3 кредит (МК)
  2. Қаржылық менеджмент – 5 кредит
  3. Тәуекел менеджмент/Жобаларды басқару/Бизнестегі IT технологиялар- 3 кредит

ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПӘНДЕРІНІҢ БЛОГЫ

  1. Көшбасшылық және тұлғалық өсу - 5 кредит
  2. Эмоционалдық интеллект/Тұлғааралық қатынастар психологиясы - 5 кредит

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ) – 10 кредит

4 СЕМЕСТР

Өндірістік практика – 8 кредит

Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, оның ішінде магистрлік жобаны орындау (МЭЗЖ) – 7 кредит

Шетелдегі көшпелі модуль/тағылымдама – 3 кредит

Қорытынды аттестаттау (магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) – 12 кредит