Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

Менеджмент

«Менеджмент» бакалавриат бағдарламасы ұлттық және әлемдік экономика туралы білімді, басқару теориясы мен практикасын, сондай-ақ басқарушылық шешімдер қабылдаудың заманауи технологияларын меңгерген мамандарды даярлайды.

4 жылОқу кезеңі
БакалавриатБілім деңгейі
ГеографияБейінді пән
МатематикаБейінді пән
*Бағдарлама

Ерекшеліктері

Экономикалық білімҰлттық және әлемдік экономика туралы білімі бар мамандарды даярлау.
Менеджмент теориясы мен практикасыМенеджмент теориясы мен практикасын меңгеру.
Талдау және бағалауШаруашылық субъектілерінің жай-күйін талдау және бағалау дағдыларын дамыту.
Бизнес-процестер және жобаларБизнес-процестерді қайта ұйымдастыру және инвестициялық-инновациялық жобаларды басқару дағдылары.
Персоналды басқару және шешімдерПерсоналды басқарудың заманауи технологияларын қолдану және тәуекел мен белгісіздік жағдайында басқарушылық шешімдерді әзірлеу.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер менеджмент, ұйымдық мінез-құлық, стратегиялық жоспарлау және көшбасшылық саласында терең білімге, сондай-ақ басқару мен бизнес саласында табысты жұмыс істеу үшін қажетті аналитикалық, жобалық және коммуникативтік дағдыларға ие болады.

*Мансап

Қызмет саласы

Мемлекеттік басқаруӘртүрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарындағы жұмыс.
Компаниялар мен кәсіпорындарКөлемі мен меншік нысанына қарамастан, түрлі салалардағы компаниялар мен кәсіпорындардағы лауазымдар.
Оқытушылық қызмет және зерттеулерОқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы оқытушылық және зерттеу қызметі.
Жеке бизнесЖеке бизнесті құру және басқару, бизнес-стратегияларды әзірлеу және стартаптарды басқару.