Библиографиялық көрсеткіштер
Алимханов Е. Қазақ күресі (оқыту, үйрету, жаттықтыру): оқулық.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-190 б.
Оқулықта қазақ күресіне арналған оқыту, үйрету, жаттықтырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік сұрақтары қамтылды...
Асанова Т.А. Өнеркәсіптік маркетинг (дәріс кешені): оқу-әдістемелік құрал.-Алматы. Тұран университеті, 2020.-49 б.
Оқу-әдістемелік құралында өндірістік кәсіпорын маркетингінің теориялық негіздері, оның стратегиясы, мақсаты, міндеттері, қызметі, маркетинг кешенінің негізгі элементтері, маркетингтік зерттеулердің түрлері мен әдістері баяндалған...
Асқарова Ұ.Б. Экология және тұрақты даму. 1-бөлім: оқулық. – Алматы, 2020.–199 б.
Оқулықта экологияның даму тарихы туралы мәліметтер беріліп, организмдердің құрылымдарының барлық деңгейлеріндегі олардың сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынастарының заңдылықтары қарастырылған.
Асқарова Ұ.Б. Экология және тұрақты даму. 2-бөлім: оқулық. – Алматы, 2020.–200 б.
Табиғат пен Қоғам арасындағы үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыру үшін мемлекеттердің тұрақты дамуға өту стратегиясы мен механизмдері кең түрде қарастырылған.
Ахметкалиева С.К. Тауар қозғалысының логистикасы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020 .–156 б.
Оқу құралында логистиканың негізгі функционалдық салаларының әрқайсысының міндеттері мен өзара байланыстары қарастырылған. Тауар қозғалысы логистикасының сатып алу, өндірістік, тарату және көлік жүйелерінде құрастырылған модельдерінің сипаттамалары мен зертеулері берілген.
Әшірбековa Л.Ж., Смaғұловa Г.С., Есенжігітова Р.Г. Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі инновациялар: оқу құралы .– Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 172 б.
Оқу құралында мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі инновациялық әдістерді пайдаланудың теориясы мен тәжірибесінің қалыптасуы мен дамуы баяндалған.
Бабаев С.Б. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері: оқу құралы.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-336 б.
Оқу құралында педагогиканың әдіснамалық негіздері өрнек тапқан. Шәкірттерді баулу, оларды тәлім жолына салып, біліммен қаруландырудың әдістері, қағидаттары және педагогикалық құрал-жабдық шараларын пайдаланудың жолдары кеіәнен баяндалады.
Берстембаева Р.К., Ескалиева А.Ж. Компанияларды қаржылық сауықтыру: оқу құралы.-Атырау, 2020.-234 б.
Оқу құралы кәсіпорындағы дағдарысты дамытудың теориялық аспектілері, оны талдау және банкроттық болжау әдістемесі, сондай-ақ ҚР-дағы кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру тәжірибесі қамтылған...
Ғабитов Т.Х., Зейнуллин Р., Осербаев Е. 2000 жылы – «Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы; Алматы: Қазақ университеті, 2020 -360 б.
Қазақстандағы мәдени туризм, жәдігер мен ескерткіштерге арналған анықтамалық пен электрондық контентте авторлық топтың мәдениеттану мен философия ғылымдары салаларында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде қазақ мәдени ескерткіштер туралы мәлімет кешенді түрде берілген.
Дудар Т.Г., Волошин Р.В., Осик Ю.И. Логистика: оқу құралы.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-224 б.
Оқу құралында логистика теориясының негізгі аспектілері: логистика пәні, міндеттері мен тұжырымдамалары жинақталып баяндаланған. Логистиканың негізгі салаларының ерекшеліктеріне сипаттамалар берілген...
Ермекбева Б.Ж. Салық менеджменті: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-140 б.
Оқу құралында салық менеджменті мәселелері жан-жақты зерделенген. Салық менеджментінің теориялық сыныпталуы қарастырыла келіп, практикалық тұрғыда қызмет ету механизмі зерделенген. Мемлекеттік және корпоративтік салық менеджменті талдана келіп, дамыған елдердегі қызмет ету ерекшеліктері қарастырылған.
Жетписбаев Б.А. және т.б. Әкімшілік жауаптылық: оқулық.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-252 б.
Оқулық Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауаптылық институтының конституциялық-құқықтық негіздерінің кешендік тұжырымдамасына арналған. Жұмыс әкімшілік жауаптылық институтының әрі қарай дамуына бағытталған.
Жомартова Ш.Ә. Желілік технологиялар: оқу құралы / Ә.С. Тергеусізова.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-276 б.
Оқу құралында қазіргі заманғы компьютерлік желілердің архитектурасы мен технологиясының негізгі қағидалары қатарласа қарастырылған.
Жұмамбаев С.К. Адам ресурстарын басқару: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020. –234 б.
Адам ресурстарын қалыптастыру ресурстары мәселелері, адам ресурстарын басқарудағы заманауи көзқарастар және т.б. қарастырылған.
Жұмамбаев С.К Өндірістік менеджмент. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2020 .– 228 бет.
Оқу құралында өндірісті басқару және ұйымдастыру саласындағы соңғы білім жетістіктері келтірілген. Өндірістік менеджменттің мәні, өндірісті ұйымдастырудың ұстанымдары мен әдістері, техникалық қызмет көрсету міәселелері, кәсіпорындағы инновациялары қызмет, өнім сапасын жақсарту, өнім өндіру және өтімін жоспарлау көрсетілген.
Какимжанов Е.Х., Мамутов Ж.Ү. Агроландшафттардың геоақпараттық-картографиялық негізі: монография.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-202 б.
Монографияда ландшафттар мен агроландшафттардың тұжырымдары геоақпараттық жүйе негізінде талданып, соның ішінде ландшафттардың дифференциациялық бөлінуі тұрғысынан қарастырылады..
Котенева О.А. Зияткерлік меншікті басқару әдістері: оқу құралы.-СПб.: ІТМО университеті, 2020.-108 б.
Нұсқаулықта патенттік құқықтар объектілерін құқықтық қорғауды алудың заңнамалық аспектілері және өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде зияткерлік қызметтің патентке қабілетті нәтижелерін басқару әдістері мен технологиялары қарастырылған.
Көпешова Б.Қ. Корпорациялар қаржысы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-258 б.
Оқу құралында корпорациялар қаржысы, корпорацияның негізгі капиталы, корпорацияның айналым капиталы, өнімді өндіріп өткізу шығындары мен корпорацияның басқа да шығыстары, корпорация табысының қалыптасуы мен бөлінуі, корпорацияның меншік капиталы және т.б. қарастырылған.
Қазақстан Республикасы. Кодексі. Қылмыстық кодекс.-Алматы: Юрист, 2020.-220 б.
Қазақстан Республикасы. Кодексі. Қылмыстық кодекс.-Алматы: ЖШС «Издательство «Норма-К», 2020.-260 б.
Қуандықов Қ.Ж. Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау: оқу құралы.-Алматы: «Printmaster», 2020.-224 б.
Оқу құралында Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кдендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау процесін жүзеге асыру теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері, кедендік бақылауды жүзеге асырудың қазіргі заманауи нысандары, тәсілдері мен құралдары, тауарлардың жекеленген санаттарына қатысты кедендік бақылаудың ерекшеліктері қарастырылады.
Левкин Г.Г. Контроллинг және логистикалық тәуекелдерді басқару: оқулық / М.Б. Тышканбаева, М.Ж. Конырбеков. – Алматы: Альманахъ, 2020. – 156 б.
Оқулықта стратегиялық және жедел логистикалық контроллингтің мазмұны, кәсіпорындағы логистикалық үдерістерді ұйымдастыру, логистикалық жүйедегі қызмет аралық өзара байланыс, логистикалық тәуекелдер деңгейін төмендету мен талдау әдістемесі секілді сұрақтарға ерекше назар аударылады.
Мамытов Ж.У. Агроландшафттарды кадастрлік бағалау: оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2020.- 114б.
Оқу құралында алынған идентификациялық карта негізінде ауылшаруашылық алқаптарын пайдаланғанда тиімділік пен өнімділік көрсеткіштерін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілген...
Миркасимова Т.Ш., Тукенова Л.М., Кальпебаев А.Р. Тілдер және программалау әдістері: оқу құралы.- Алматы: Нархоз ун-ті, «Фортуна Полиграф» баспасы ЖШС, 2020.-132 б.
Оқу құралы программалау негіздерін, программалауды автоматтандыру әдістерін, мәліметтер типтері және Си С++Builder тілі операторларының түрлері туралы жалпы сипатты құрастыруға көмектеседі.
Мухаммедия С.Е. Microsoft Visual Studio C# ортасында бағдарламалау негізі: оқу құралы.-Алматы: Альманахъ, 2020.-146 б.
Оқу құралында С# тілінде бағдарламалау негізгі ұғымдары, бағдарламалау тілінің әліпбиі, орындалатын операциялары, объектіге бағдарланған бағдарламалаудың қағидалары бойынша класиың жариялануы, мұрагерленуі, интерфейс элементтері, мәліметтер қорының басқару жүйесі түсініктері қарастырылған.
Нұрмашев Ү. Қылмыстық процесс: оқулық.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-468 б.
Оқулықта дәлелдемелерге және дәлелдеулерге, қылмыстық істегі еріксіз көндірудің және бұлтартпау шараларын орындау, қылмыстық іс бойынша айғақтарды жинауға бағытталған жасырын жедел іс жүргізу, қылмыстық іс жүргізуге медиация рәсімі, тергеу судьясы, «кінәсін мойындау туралы мәміле», үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу мәселелері де қарастырылған.
Оналтаев Д.О. Ислам қаржысы. Оқу құралы. – Алматы: Фортуна-Полиграф, 2020. – 266 бет.
Оқу құралында исламдық қаржыландыру негіздері, исламдық банктердің негізгі операцияларының көрініс табуымен исламдық банк ісінің жалпы сипаттамалық ерекшеліктері, сондай-ақ исламдық банкингтегі тәуекелдерді басқару мен тәуекел-менеджмент негіздерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда оқыту үшін ұсынылады.
Оразбаева А.А. 3: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-145 б.
Оқу құралында жалпы 3ds Max программасының негізгі түсініктері және Max элементтерінен құралған күрделі геометриялық модель объекттерін құру жолдары қарастырылған.
Оспанов Е.Т. Академиялық жазылым негіздері: Оқу құралы/ Е.Т.Оспанов.- Алматы «Білік баспасы», 2020.- 340с.
Кітапта академиялық мәтін жазу, зерттеу әдістері, мәліметтерге талдау жасау сынды мәселелер жан-жақты ашылады. Сонымен қатар тақырыптарды пысықтауға арналған жаттығулар мен олардың жауаптары қоса берілген...
Сатаев Б.О. Oracle пайдалана отырып, корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеу: оқу құралы.- Нұр-Сұлтан: Мастер По, 2020.-110 б.
Мазмұнында Oracle пайдалана отырып, корпоративтік ақпараттық жүйелерді әзірлеудің заманауи нормативтік, құқықтық және бағдарламалық-техникалық аспектілері қарастырылған.
Сатаев Б.О. Қазіргі қоғамның ақпараттық инфрақұрылымы: оқу құралы.-Нұр-Сұлтан: Мастер по, 2020.-95 б.
Мазмұнында қазіргі қоғамның ақпараттық инфрақұрылымы заманауи нормативтік, құқықтық және бағдарламалық-техникалық аспектілері қарастырылған.
Сафин Р.Т. Радиотехникалық құрылғылардағы электроника компоненттері: оқу құралы.-Алматы: Альманаъ, 2020.-286 б.
Оқу құралы радиотехникалық құралдарың электронды компоненттерінде өтіп жатқан процестермен студенттерді таныстыруға арналған...
Сафин Р.Т. Радиотехника мен телекоммуникациялар негіздері: оқу құралы.-Алматы. Альманахъ, 2020.-155 б.
Оқу құралында радиотехника, телекоммуникация мен электр байланысы желілерін құрастыру негіздері қарастырылған...
Сәбет Бап-Баба (Бабаев) С.Б. Психология негіздері: оқу-анықтамалық қолданба.-Алматы: Нұр-Пресс, 2020.-106 б.
Оқулықта психология негіздері, психологиялық білім мазмұны, ұғым, түсініктеме, анықтамалар көрсетілген...
Тасбулатова А.А. Delphi бағдарламалау ортасы: оқу құралы / И.М. Убайдуллаева, Г.А. Джантурсынова, А.К. Шакирова.-Алматы: Альманахъ, 2020.-152 б.
Оқу құралында теориялық мәліметтер, іс-тәжірибелік жұмыстар, білімді бақылау мақсатында тест тапсырмалары берілген...
Тасбулатова А.А. Visual Studio C# бағдарламалау ортасы: оқу құралы.-Алматы. Альманахъ, 2020.-178 б.
Оқу құралында теориялық мәліметтер, іс-тәжірибелік жұмыстар, білімді бақылау мақсатында тест тапсырмалары берілген...
Таштанова Н.Н., Сапарбаева С.С., Жаппакова Р.Е. Бухгалтерлік есеп негіздері: оқу құралы. – Алматы: «Фортуна Полиграф» баспасы ЖШС, 2020. – 188 б.
Оқу құралында бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасу тарихы, бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде, бухгалтерлік баланс, құндық өлшем және ағымдағы бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік негіздері және т.б. қарастырылған.
Төкеев У.А., Ахметов Б.Б. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-161 б.
Оқу құралында ақпараттық қауіпсіздікті басқару, ақпаратты қорғау саласындағы тәуекелдерді талдау, халықаралық стандарттар және тәуекелдікті басқару және т.б. қарастырылады.
Төкеев У.А., Жұманов Ж.М. Ақпараттық жүйелердің Веб-қосымшаларын программалау: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-100 б.
Оқу құралында HTML, VB.NET тілдері және АSP.NET ADO.NET, Веб-қызметтер программалау технологияларының негіздері қарастырылған.
Түнғатаров Н.Н. Open MP стандартында параллельді программалау негіздері: оқу құралы.-Алматы. Қазақ университеті, 2020.-82 б.
Оқу құралында ортақ жады бар жүйелер үшін параллель программалаудың жаңа технологиясы – Open MP стандартында параллель программалау негіздері қарастырылған.
Хакимова Т. Жасанды интеллект негіздері: оқу құралы.-Алматы: «NurPress» баспасы, 2020.-106 б.
Оқулықта жасанды интеллектінің негізгі ұғымдары мен даму үрдістерін, Visual Prolog декларативті программалау тілінің зертханалық жұмыстары қарастырылған.
Хамсин А.М. және т.б. Заманауи компьютерлік есептеулер және жобалау: оқу құралы.-Алматы: Альманахъ, 2020.-122 б.
Оқу құралында жаңа материалды терең түсіну үшін және оны кәсіби бағдарламаларды қолдану реті келтірілген...
Шаймерденова Л.Е. Web қосымшаларын құрастыру негіздері. Wordpress негіздері: оқу құралы.-Алматы: ЭСПИ, 2020.-192 б.
Оқу құралында жүйесі, оның негізгі функционалдық элементтері, кодтың ішкі жұмысы және деректер құрылымы сипатталған...
Шмыгалева Т.А., Черикбаева Л.Ш. Клиент-серверлік қосымша: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-134 б.
Оқу құралында MS SQL ортасында деректер қорымен жұмыс жасау толықтай қарастырылған. Клиенттік бөлімін жасау С++Builder ортасында сипатталады.
Бакингем М. Бұл бұлай жұмыс істемейді! Неліктен басқарушылық тәсілдердің көпшілігі тиімсіз және батыл басшылар бұл мәселені қалай шешеді / ағылш. ауд..-М.: Альпина Паблишер, 2020.-314 б.
Көп ондаған жылдар бойы осы басқарушылық тәсілдер аксиома деп саналатыны көрсетілген, алайда іс жүзінде бұл әдістер тиімділігі төмен ғана емес, олар қызметкерлер тарапынан жағымсыз көзқарас пен қанағаттанбаушылық тудырады. Сондықтан компания табысының негізі – жақсы корпоративтік мәдениет пен кері байланыс...
Барабанова М.И. Ақпараттық жүйелер және цифрлық технологиялар: оқу құралы.-СПб.: СПбГЭУ баспасы, 2020.-270 б.
Ақпараттық жүйелер мен компьютерлік-желілік цифрлық технологияларды қалыптастырудың өзекті мәселелері, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық және әлеуметтік процестерді құру мен пайдалану принциптері мен әдістері, сондай-ақ цифрлық экономиканы қалыптастыру қаралды.
Велямов Т.Т. Өндірістік процестерді басқару жүйесіндегі операцияларды зерттеу. 2 бөлімде. 2-бөлім: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-186 б.
Өндірісті басқару және шешім қабылдау процесін математикалық модельдеу әдістері баяндалған.
Иванова С.В. Мотивация 100%. Ал оның түймесі қайда?.-М.: Альпина Паблишер, 2019.-285 б.
Сұхбат және басқарушылық қарым-қатынас барысында жеке мотиваторларды анықтау, типтік сценарийлер мен мотивация, мотивациялық әлеуетті түзету мүмкіндіктері, мотивациялық факторларды қолданудың вариативтілігі, өкілеттіктерді беру мен мотивация, корпоративтік мәдениет және т.б. қарастырылады.
Кетько Н.В. Электронды бизнес: оқу құралы.-Волгоград: ВолгМТУ, 2020.-80 б.
Электрондық бизнес жүйесінің элементтері, сондай-ақ сауданың виртуалды ортасында осы элементтер арасындағы өзара әрекеттесу процестері егжей-тегжейлі сипатталған.
Кульмамиров С.А., Мансурова М.Е. С++ тілінде микроконтроллермен сигналдарды генерациялау тәсілдері. 2-бөлім: оқу-әдістемелік құрал.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-69 б.
Микроконтроллерлерді бағдарламалау, кіріс сигналдарын генерациялау және осы сигналдарға контроллердің жауабын тіркеу бойынша 6 түрлі жұмысты орындауға арналған теориялық мәліметтер мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды.
Кульмамиров С.А., Мансурова М.Е. Контроллерлердің перифериясын С++ тілінде басқару. 1-бөлім: оқу-әдістемелік құрал.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-72 б.
Микроконтроллерлерді бағдарламалау, кіріс сигналдарын генерациялау және осы сигналдарға контроллердің жауабын тіркеу бойынша 6 түрлі жұмысты орындауға арналған теориялық мәліметтер мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды.
Курманкулова Н.Ж. Инновациялық менеджмент: оқу құралы / Б.К. Жуманова, С.Н. Валиева.-Нұр-Сұлтан, 2020.-166 б.
Дамудың үрдістері мен түрлері келтірілген, инновациялық менеджмент процесс ретінде қарастырылған, жаңалықтар енгізу бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу әдістемесі баяндалған, инновациялық ұйымдардың жіктемесі берілген...
Мирзакулова Ш.А. ІР-телевидение негіздері және NCN: оқу құралы.-Алматы: Альманахъ, 2020.-117 б.
ІР-телефония желісінің негіздерінің сипаттамасы беріледі, пакеттік беру қағидаттары, сөзді пакеттеуге байланысты алгоритмдер мен мәселелер, ІР-телефония протоколдарының стегі, кодектер және т.б. ашылады...
Нугуманова А.Б. Деректерді интеллектуалды талдау: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-166 б.
Деректерді зияткерлік талдаудың теориялық негіздерін қамтиды және R, Microsoft Office 365 Online және Azure Machine Learning Studio экожүйесінде зияткерлік талдау әдістерін практикалық қолданудың аса маңызды аспектілерін ашады.
Пыркова А.Ю. Web құралдарын пайдалана отырып жобалау ISPEastern Michigan University Browse Research and Scholarship
Қарапайым сервлеттерден бастап толыққанды функционалды Web қосымшаларына дейін ISP технологиясын зерттеу бойынша нұсқаулық болып табылады...
Қазақстан Республикасы. Заңдар. Мемлекеттік сатып алу туралы. – Алматы: Юрист, 2020. – 60 б.
Қазақстан Республикасы. Заңдар. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары.-Алматы: Юрист, 2020.-268 б.
Қазақстан Республикасы. Кодекстер. Азаматтық кодекс (Жалпы және Ерекше бөлім).-Алматы: Юрист, 2020.-352 б.
Қазақстан Республикасы. Кодекстер. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы: практикалық құрал. – Алматы: «Норма-К» баспасы» ЖШС, 2020. – 536 б.
Қазақстан Республикасы. Кодекстер. Қылмыстық кодекс: практикалық құрал.-Алматы: «Норма-К» баспасы» ЖШС, 2020.-260 б.
Сафин Р.Т. СВЧ сигналдарын қабылдау құрылғылары: оқу құралы.-Алматы: Альманахъ, 2020.-566 б.
Құралда ЖЖЖ жолдарының пассивті және белсенді элементтерінің құрылғылары мен жұмыс істеу принципі, физикалық процестердің талдауы және әртүрлі мақсаттағы радиоқабылдағыш құрылғылар каскадтарын есептеу әдістемесі көрсетілген.
Таштанова Н.Н. Сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп: оқу құралы.-«Фортуна Полиграф» ЖШС баспасы, 2020.-130 б.
Сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін, көтерме саудадағы, сондай-ақ бөлшек саудадағы тауарлар мен ыдыстардың есебін және оларды құжаттық рәсімдеуді, саудадағы тауарларды өткізу есебін және т.б. қарастырады...
Тукеев У.А., Жуманов Ж.М. Бағдарламалау Web-ақпараттық жүйелердің қосымшалары: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-101 б.
Оқу құралында Web-қосымшаларды жобалаудың модельдері, әдістері мен құралдары бойынша, HTML тілі бойынша ақпарат берілген.
Управление проектами информационных бизнес-систем: практикум / сост.: С.А. Кульмамиров и др..-Алматы. Қазақ университеті, 2020.-234 с.
Бизнестегі ақпараттық жүйелердің ұйымдық құрылымын жобалау мен жекелеген элементтерін басқару жөніндегі жобаларды басқарудың кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын меңгеру бойынша материалдар ұсынылған.
Урмашев Б.А. Программирование на алгоритмическом языке С++: учебное пособие.-Алматы: Қазақ университеті, 2020.-129 с.
С++ тілінде бағдарламалау негіздері баяндалған, бағдарламалау тәсілдері, сондай-ақ теориялық және практикалық ақпарат сипатталған...
Харасова М.М. Информатика: учебно-методическое пособие.- Алматы: Қазақ университеті, 2020.-162 с.
Тірек конспектілер түрінде баяндалған теориялық материалды, оларды орындау бойынша ұсыныстармен берілген практикалық жұмыстарды, өзіндік аудиториядан тыс жұмысқа арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізбесін қамтиды...
Қазақстанның экономикалық өсуі: мемлекеттік реттеудің факторлары мен басымдықтары: монография / ғыл. ред. С.Н. Алпысбаеваның басшылығымен.-Нұр-Сұлтан, 2020.-146 б.
2000 жылдардың басынан бастап Қазақстандағы экономикалық өсуді қолдаудағы мемлекет пен мемлекеттік шығыстардың рөлін кешенді зерттеу бірқатар күрделі мәселелерді анықтады, оларды еңсеру экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшуді талап етеді.
Келесі қадамды жасаңыз.
Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.
