Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

Халықаралық жобалар

WELCOME жобасы

I WELCOME жобасының түйіндемесі*

Осы жобаның мақсаты болып табылады Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындары қызметінің халықаралық бағытын шетелдік студенттерді, оқытушыларды және зерттеушілерді тарту үшін стратегиялық және маркетингтік әдістемелерді енгізу арқылы нығайту.

Жобаның ресми сайты – http://www.welcomeproject.net/

Жобаны іске асыру уақыты: 2016 – 2019 ж.ж. 

Жобаның серіктестері: 

1. Каталония политехникалық университеті, Испания – http://www.upc.edu/
2. Бэйхан университеті, Қытай Халық Республикасы – http://ev.buaa.edu.cn/
3. НАРХОЗ университеті, Қазақстан – http://narxoz.kz/ru
4. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Қазақстан – https://kuef.kz/ru/
5. Корольдік технологиялық институт, Швеция – https://www.kth.se/
6. Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан – http://www.enu.kz/ru/
7. Таллин техникалық университеті, Эстония – https://www.ttu.ee/en/
8. Тунцзи университеті, Қытай Халық Республикасы – http://www.tongji.edu.cn/english/
9. Лиссабон университеті, Португалия – https://www.ulisboa.pt/
10. Ровира и Вирхилий университеті, Испания – http://www.urv.cat/en/
11. Перпиньян – Виа Домитья университеті, Франция- http://www.univ-perp.fr/

II WELCOME жобасының жоспары*

WORKPLAN

III WELCOME тренингтері*

2018 жылдың 16-дан 20 сәуір аралығында Швецияның Корольдік технологиялық институтында (Стокгольм қ.) WELCOME жобасы бойынша тренинг өтті. Тренинг интернационализацияны дамытудағы, шетелдік студенттер мен оқытушыларды бейімдеудегі ҚТИ тәжірибесіне арналды, сондай-ақ Таллин техникалық университеті мен Жоғары техникалық институт (Лиссабон қ.) өкілдерінің сөз сөйлеулері болды.

Жаттықтырушылар ретінде университет әкімшілігін қоса алғанда, түрлі құрылымдар мен бөлімшелердің қызметкерлері болды.

19 сәуірде жобалық кездесу өтті, оның аясында шетелдік студенттерді тарту үшін порталды құру, Сапа бойынша есепті талқылау, Қазақстан мен Қытай университеттерінде халықаралық орталықтар құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ақпаратты тарату бойынша ұлттық және халықаралық конференциялар өткізу мен кездесулер тәртібі келісілді.

Кездесу қорытындысы бойынша топтарда жұмыстар, презентацияларды талқылау және кампус бойынша экскурсия да өткізілді.

Қорытынды сессияда барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

2018 жылғы 4-7 маусым аралығында Таллин техникалық университетінің TUT (Эстония) базасында Жоба серіктестері – Жоғары техникалық институттың (Португалия), Бэйхан университетінің (ҚХР), Тонцзы университетінің (ҚХР) өкілдерінің қатысуымен жоғары білімді интернационалдандыру бойынша тренинг өтті. Тренингте Қазақстан Республикасын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық институты, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Нархоз университеті ұсынды.

Тренинг бағдарламасына TUT өкілдерінің презентациялары енді, оларда ғылымның, маркетингтің және маркетингтік саясаттың, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандырудың заманауи мәселелері ұсынылды. Сонымен қатар, TUT өкілдері персоналды басқару, оны ілгерілету және ынталандыру жүйесі, халықаралық студенттерді қолдау саласындағы тәжірибемен бөлісті.

Университеттің жалпы интернационализациясындағы, 2010-2018 жж. стратегиялық мақсаттар мен саясатты іске асырудағы, оның өнімдерін нарыққа ілгерілетудегі халықаралық бөлімнің рөлі жеке қарастырылды.

Презентациялар нәтижелері бойынша талқылау барысында тренинг қатысушылары студенттер алмасу аясында интернационалдандыру стратегиясын жоспарлау және енгізу жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Бағдарлама платформаны әзірлеу барысы және жобаның WP мәртебесін қарау туралы жоба бойынша кеңеспен аяқталды. Тренинг аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Таллин Техникалық университеті Эстонияның ең ірі университеттерінің бірі және елдің жетекші техникалық университеті болып табылады. Пәнаралық білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу бағдарламалары оған нарық сұраныстарын табысты қанағаттандыруға және ұқсас бейіндегі жетекші университеттермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 19-23 қараша аралығында Каталония Политехникалық университетінің базасында жоғары оқу орнын интернационалдандыру бойынша стратегиялық жоспарды дайындау жөніндегі воркшоп өтті. Осы воркшоп аясында барлық қатысушылар интернационалдандырудың жалпы стратегиясын тәжірибеде құрды, оны болашақта өздерінің жеке стратегияларын құруда пайдалануға болады.

Воркшопты Виченс Фернандез және Ева Гайярдо жаттықтырушылары өткізді. Виченс қазақстандық серіктестермен стратегия әзірлесе, Ева қытайлық серіктестермен стратегия әзірледі.

Жобалық кездесулер 21 қарашада өткізілді, онда қаржылық мәселелер, порталды әзірлеу, халықаралық орталықтардың жұмысы, тренингтер өткізу, ақпаратты тарату жөніндегі конференциялар өткізу, сапаны қамтамасыз ету және жобаның тұрақтылығы талқыланды.

Сондай-ақ тренинг аясында интернационалдандыру стратегиясын әзірлеудің теориялық бөлімі, кампусқа, халықаралық кеңсеге және шетелдік студенттерге арналған орталыққа экскурсиялар өтті.

Соңында барлық қатысушылар қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды.

29 мамыр мен 2 маусым аралығында Лиссабон техникалық институтының (Португалия) базасында серіктес елдердің жоғары оқу орындарының қатысуымен жоғары білімді интернационалдандыру жөніндегі тренинг өтті.

Тренинг бағдарламасына шеберлік сабақтары, пікірталастар, сондай-ақ Португалия, Испания, Швеция, Франция және Эстония жоғары оқу орындары өкілдерінің презентациялары енді.
Қатысушы жоғары оқу орындарының таныстырылымдары мынадай тақырыптар бойынша өткізілді: «Интернационалдандыру саясаты мен стратегиясы», «Стратегиялық жоспарлау», «Қолдау қызметі», «Ұтқырлық пен ынтымақтастық», «Халықаралық рейтингтер», «Қос дипломдау және жұмысқа орналастыру», «Алмасу бағдарламалары / жазғы мектептер».

Қатысушылар интернационалдандыру стратегиясын жоспарлау мен енгізу, ПОҚ, студенттер алмасу аясындағы қызмет, жоғары оқу орындары қызметкерлеріне тренингтер өткізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарының тиімді қызметі үшін рейтингтердің маңыздылығы және барлық қызметкерлерді интернационалдандыру үдерісіне тарту идеялары атап өтілді.

Бағдарлама интернационализация шеңберінде өтілген тақырыптар бойынша қатысушылардың қорытынды есептерімен аяқталды. Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Халықаралық конференция:
«Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру»
Жоба аясында:
«WELCOME: Халықаралық университеттік қауымдастықтарға қарай»,
демеушілік етілетін Erasmus + 

2017 жылдың 8-нен 12 желтоқсанға дейін ERASMUS + демеушілік еткен WELCOME жобасын жүзеге асыру аясында интернационализация бойынша халықаралық конференция өтті. Конференция Қытайдың экономикалық орталығы – Шанхай қаласында орналасқан жетекші қытай университеті Тунцзы базасында өткізілді. Конференцияның мазмұнды бағдарламасы аясында интернационализация процесінің даму проблемалары мен перспективалары қаралды, сондай-ақ қытай мен қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының интернационализация деңгейін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар қаралды, жетекші шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының халықаралық тәжірибелері ұсынылып, зерттелді.

8 желтоқсанда жобаның алғашқы жобалық отырысы өткізілді, оның барысында жобаның қаржылық бөлігіне қатысты мәселелер жобаның қаржы менеджері, Каталония политехникалық университетінің өкілі Тони Флоренсио тарапынан реттеліп, қаралды. Жоба туралы ақпаратты тарату мәселесі, жобаны іске асырудың тұрақтылығы мен сапасы сияқты мәселелер бойынша пікірталас өткізілді.

9 желтоқсанда Тунцзы университетінің проректоры, құрметті профессор Шу Гуаньминнің, сондай-ақ университеттегі жобаның институционалдық үйлестірушісі Ю Джин ханымның қатысуымен конференцияның ресми ашылуы өтті. Бейханг университеті (Бейжің, Қытай) халықаралық бөлімі директорының орынбасары Ли Инг ханым тарапынан интернационалдандыру деңгейі бойынша халықаралық тәжірибелердің тәсілдері, әдістері және салыстырмалы талдауы ұсынылды. Контексте WELCOME жобасында университеттің халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі Анна Аганта Лукас сөз сөйледі IST (Лиссабон, Португалия)Қазақстандық серіктестер тарапынан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің халықаралық департаментінің директоры Мисс Сауле Кассымова Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандыру баяндамасымен сөз сөйледі.

10 желтоқсан серіктес университеттердің, оның ішінде ҚазЭҚХСУ тарапынан да өкілдерінің баяндамаларына, сондай-ақ дөңгелек үстелдер өткізуге арналды.

Лаура Лерга ханым — Ровира и Верхилий университетінің (Испания) жобалық менеджері, интернационалдандыру бойынша университетті жүйелі түрде жетілдіру баяндамасымен.

Мисс Мадли Криспин — Таллин Технология университетінің (Эстония) жобалық менеджері, Таллин Технология университетіндегі интернационализация туралы баяндамамен.

Шынар Имангалиева ханым — Нархоз университетінің халықаралық байланыстар департаментінің директоры, «Қазақстандық жоғары оқу орындарының студентке бағдарланған саясаты контекстіндегі интернационалдандыру: ел ішінде де, шетелде де» атты баяндамамен.

3 дөңгелек үстел өткізілді.

1)Онлайн құралдар мен ресурстар. Жоғары оқу орнының интернационалдану деңгейін қалай бағалауға болады? Модератор профессор Винсенс Фернандез.

Дөңгелек үстел барысында жетекші тарапынан біздің альма-матеріміз — ҚазЭҚХСУ атынан таныстырылым өткізілді IT маманның, PhD профессор Серік Алтынбектің: «Жоғары оқу орындарының интернационалдану деңгейін арттыру жолдары ретіндегі онлайн ресурстар мен құралдар» тақырыбындағы.

2) Интернационалдандыруға баса назар аударатын студенттік қолдау орталықтарының болашағы. Модератор Мисс Сабина Мендыгазиева (ЕҰУ).

3) Университеттің интернационализациясының ең жоғары деңгейіне жету үшін ПОҚ мен персоналды қалай оқыту керек? Модератор – Мисс Лаура Лерга.

11 желтоқсанда қорытынды жобалық отырыс өткізілді, оның барысында халықаралық конференцияның қорытындылары мен нәтижелері шығарылды, сондай-ақ жобаның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және оларды жүзеге асыру үшін кейінгі бағыттар айқындалды.

Мониторинг

18 қазанда сағат 15.00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатова ханым ұйымдастырған жоба командаларымен кеңес беру кездесуі өтті

Кеңес беру кездесуі барысында WELCOME жобасын басқарудағы негізгі қиындықтар мен мәселелер, оларды шешу жолдары, жобаның негізгі кезеңдері, жаңа жобалар үшін бастапқы кездесуді ұйымдастыру талқыланды. Кеңес беру кездесуі аяқталғаннан кейін жоба өкілдерінің Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатоваға жеке сұрақтар қою мүмкіндігі болды.

IV WELCOME жобасының материалдары*

Towards incoming international university communities

LOGICAL FRAMEWORK MATRIX – LFM

Work packages

Conference in Shanghai_V06

Programme Project Meeting in Shanghai

Құжаттар