Негізгі мазмұнға өту

Кафедра туралы

Кафедраның жалпы ақпараты, миссиясы және даярлау бағыттары.

«Қаржы» кафедрасы

«Қаржы» кафедрасы университетте контингентті қабылдау бойынша көшбасшы орынды иеленеді, халықаралық аккредиттеуден өтті, FIBAA, НААР, НАОКО, «Атамекен» ҰКП және т.б. агенттіктердің жоғары рейтингтеріне ие. Кафедра білім алушының үздіксіз білім беру циклін – бакалавриат, магистратура, докторантура жүргізеді.

Кафедраның негізгі мақсаты мемлекеттік қаржы мен қаржылық менеджмент, банктік және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет саласындағы қаржы саласының жоғары білімді бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау болып табылады.

Кафедрада оқытудың қолданбалы сипаты атап өтіледі: «Frееdom Finance» АҚ банкінде кафедра филиалы, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сейткасимов Г.С. атындағы дипломдық жобалау бойынша мамандандырылған аудитория, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің зертханасы» зертханасы бар. Кафедра қаржы-банк секторының өкілдерімен ынтымақтасады: Астана қаласындағы Ұлттық банк филиалымен, ҚР МКК қалалық мемлекеттік кірістер департаментімен, Астана қаласының қаржы органдарымен, екінші деңгейлі банктермен, сақтандыру компанияларымен және инвестициялық қорлармен.

Кафедрада халықаралық ынтымақтастық дамыған. Қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады (Оңтүстік Кореядағы Каннам университетімен, Швейцариядағы Еуропалық университетпен жасалған шарт), Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен (Беларусь). Вальядолид университетімен (Испания), Ухань университетімен (Қытай), Прага қаласындағы Орталық Богемия университетімен (Чехия), Баку қаласындағы Әзірбайжан Мемлекеттік Экономикалық университетімен және т.б. ынтымақтастық туралы шарттар бар, оларға студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша барады, ал магистранттар ғылыми тағылымдамадан өтеді.

Қаржы кафедрасының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Мәселен, «Қаржы» кафедрасының түлектері мемлекеттік қаржы органдарында (Министрліктерде, комитеттер мен ведомстволарда), мемлекеттік кірістер және қазынашылық департаменттері мен басқармаларында, ұлттық компанияларда, Ұлттық банктің филиалдарында, екінші деңгейлі банктерде, кредиттік ұйымдарда, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда және т.б. жұмыс істейді. Жұмысқа орналасу пайызы 80%-дан асады. Біздің түлектер кафедрамен байланысын сақтап, ынтымақтасады.

Кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Лукпанова Жанар Оралхановна басқарады – ҚР БҒМ-нің 2015-2017 жылдардағы ғылыми грантының иегері, «Қаржы теориясы», «Қаржыға кіріспе», «Салықтар мен салық салу», «Инвестициялық жобалау» және т.б. оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.

Қаржыгерлерді оқыту мен шығаруды біліктілік деңгейі жоғары профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) қамтамасыз етеді (бұл экономика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, оқыту бағыты бойынша магистрлер), ғылыми дәрежелілік 60%-дан асады. Кафедраның ПОҚ өз біліктілігін үнемі арттырады, гранттық ғылыми жобаларға қатысады, монографиялар жазады, қаржы пәндері бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығарады, нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда (Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ) ғылыми мақалалар жариялайды. Сабақтарда кафедра оқытушылары инновациялық және интерактивті оқыту әдістерін қолданады, Қаржы кафедрасының аптасын ұйымдастырады және студенттер үшін конференциялар, дебаттар, іскерлік ойындар, байқаулар мен викториналар өткізеді. Студенттер Ұлттық банкке, салық органдарына, екінші деңгейлі банктерге экскурсияға барады. 

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.