Білім беру бағдарламалары
Кафедраның бакалавриат және магистратура бағдарламалары.
Білім беру бағдарламалары
6В04109 «Digital маркетинг» білім беру бағдарламасы (бакалавриат)
Білім беру бағдарламасының мақсаты - цифрлық маркетинг, аналитика және цифрлық ортада маркетингтік коммуникацияларды басқару саласында заманауи білім мен практикалық дағдыларға ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен халықаралық кеңістіктің қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономикасы жағдайында кәсіби қызметке және әрі қарай оқуға дайын бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Оқу мерзімі — 4 жыл (мектептен кейін) және 3 жыл (колледжден кейін)
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
- Қазақстан Республикасының еңбек нарығы мен цифрлық экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, digital-маркетинг саласындағы мамандарды практикаға бағытталған даярлау;
- маркетинг, менеджмент, ақпараттық технологиялар және деректер аналитикасын біріктіретін пәнаралық тәсіл;
- сала практиктерінің қатысуымен нақты бизнес-міндеттер негізінде жобалық оқыту мен кейс-стадиді қолдану;
- цифрлық ортада кәсіби қызмет үшін қажетті аналитикалық, кәсіпкерлік және коммуникативтік құзыреттіліктерді дамыту.
Бірегейлігі:
Бағдарламаның мазмұны мемлекеттік және кәсіби стандарттардың талаптарын ескере отырып әзірленген;
Профессор-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі және олардың ғылыми-зерттеу белсенділігі;
Маркетинг саласындағы іргелі дайындықты цифрлық технологияларды тереңдетіп оқумен ұштастыру, бұл түлектерге еңбек нарығында әмбебаптылық пен бәсекеге қабілеттілік береді;
Бағдарламаның бизнестің цифрлық трансформациясы мен инновациялық экономиканы дамыту міндеттеріне сай кәсіби және кәсіпкерлік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталуы.
Берілетін дәреже: 6В04109 «Digital маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Білім беру бағдарламасы: 7М04111 «Маркетинг» (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура)
Білім беру бағдарламасының мақсаты - маркетинг саласында терең теориялық білімі, зерттеушілік және педагогикалық құзыреттіліктері бар, ғылыми-зерттеу, талдамалық және оқытушылық қызметті жүзеге асыруға, цифрлық трансформацияны, тұрақты дамуды және Қазақстан Республикасы мен халықаралық практиканың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып заманауи маркетингтік тұжырымдамалар мен стратегияларды әзірлеуге және енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Оқу мерзімі — 2 жыл
Білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:
- Ғылыми-педагогикалық бағыт
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде ғылыми зерттеулер мен маркетингті оқыту саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру. - Зерттеушілік және аналитикалық дағдыларды дамыту
Маркетингтік зерттеулердің заманауи әдістерін, академиялық жазуды және ғылыми жарияланымдарды дайындауды меңгеру. - Цифрлық және тұрақты маркетингке басымдық
Цифрлық маркетинг технологияларын, деректер аналитикасын және тұрақты даму қағидаттарын зерделеу. - Теория мен практиканы біріктіру
Өзекті маркетингтік міндеттерді шешу үшін кейс-стади, жобалық және зерттеу жұмысын пайдалану. - Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестік
Бірегейлігі:
Бағдарламаның мазмұны мемлекеттік стандарттардың талаптары мен үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген;
Профессор-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі және олардың ғылыми-зерттеу белсенділігі;
Оқу процесін оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Магистранттардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы.
Берілетін академиялық дәреже: 7М04111 «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.
Білім беру бағдарламасы: 7М04112 «Маркетинг» (бейіндік бағыттағы магистратура)
Білім беру бағдарламасының мақсаты — аналитика, стратегиялық және цифрлық маркетинг, брендинг және коммуникациялық менеджмент саласында заманауи білімі бар жоғары білікті бәсекеге қабілетті магистрлерді тереңдетілген кәсіби даярлауға бағытталған. Қарқынды дамып келе жатқан экономика және бизнестің цифрлық трансформациясы жағдайында заманауи маркетингтік стратегияларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті мамандарды даярлау.
Бағдарламаның мақсаты — білім алушыларда маркетинг саласындағы талдамалық, зерттеушілік, басқарушылық және инновациялық қызмет үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру, сондай-ақ сын тұрғысынан ойлау, стратегиялық жоспарлау және басқару шешімдерін қабылдау дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның ерекшеліктері:
Оқу мерзімі — 1 жыл;
Маркетинг теориясы мен практикасын біріктіру негізінде білім беру процесін іске асыру;
Ғылыми-зерттеу жұмысы мен жобалық қызметке басымдық;
Заманауи цифрлық құралдар мен маркетинг технологияларын пайдалану (Big Data, SMM, CRM, маркетинг-аналитика және т.б.).
Бірегейлігі:
Білім беру бағдарламасы мазмұнының мемлекеттік және кәсіби стандарттарға сәйкестігі;
Профессор-оқытушылар құрамының біліктілігі және олардың ғылыми-зерттеу белсенділігі;
Оқу процесін оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
Магистранттардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы.
Берілетін ғылыми дәреже: 7М04112 «Маркетинг» бағыты бойынша экономика және бизнес магистрі
Білім беру бағдарлама: 6В04103 «Экономика» (бакалавриат)
Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқу процесін, іргелі-қолданбалы ғылыми зерттеулерді және инновациялық тәсілдерді біріктіру негізінде заманауи бизнес пен шаруашылық жағдайында жұмыс істеуге бәсекеге қабілетті экономистерді даярлау, сондай-ақ тұлғаның жан-жақты кәсіби және зияткерлік дамуындағы қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Жеке компанияларда, өнеркәсіптік қауымдастықтарда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
- Білім алушының үздіксіз білім беру циклі – бакалавриат, магистратура, докторантура;
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, көптілділік, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы: Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы ұйымдастырушылық-экономикалық қызмет, мұнда түлектер экономист, орта буын менеджерлері, өзгерістерді басқару және тиімді бизнес-коммуникацияларды қалыптастыру жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істейді; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында — басшылар мен қызметкерлер ретінде; түлектер өз ісін құрып, дамытатын кәсіпкерлер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: Әртүрлі салалардағы, аялардағы және меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері; Қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері; Мемлекеттік және жергілікті билік органдары.
Берілетін академиялық дәреже: Бизнес және басқару бакалавры 6В04103 «Экономика» БББ.
Білім беру бағдарламасы: 7М04102 «Экономика» (магистратура бейіндікбағыты)
Білім беру бағдарламасының мақсаты - Оқу процесін, іргелі-қолданбалы ғылыми зерттеулерді және инновациялық тәсілдерді біріктіру негізінде заманауи бизнес пен шаруашылық жағдайында жұмыс істеуге мамандық бойынша бәсекеге қабілетті экономика және бизнес магистрлерін даярлау, сондай-ақ тұлғаның жан-жақты кәсіби және зияткерлік дамуындағы қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Жеке компанияларда, өнеркәсіптік қауымдастықтарда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, көптілділік, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы: Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы ұйымдастырушылық-экономикалық қызмет, мұнда түлектер экономист, орта буын менеджерлері, өзгерістерді басқару және тиімді бизнес-коммуникацияларды қалыптастыру жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істейді; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында — басшылар мен қызметкерлер ретінде; түлектер өз ісін құрып, дамытатын кәсіпкерлер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: 1. Әртүрлі салалардағы, аялардағы және меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері;
- Қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері; 3. Мемлекеттік және жергілікті билік органдары; 4. Академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары; 5. Жалпы білім беретін мекемелер, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беру мекемелері.
Берілетін академиялық дәреже: БББ бойынша бизнес және басқару магистрі 7М04102 «Экономика».
Білім беру бағдарламасы: 7М04101 «Экономика» (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура)
Білім беру бағдарламасының мақсаты - Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, экономикалық объектілердің қызметін талдай білетін, ғылыми негізделген қорытынды жасай алатын және өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың қажетті нысандарын таңдай білетін, басқару шешімдерін қабылдай алатын экономика ғылымдарының магистрлерін даярлау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Жеке компанияларда, өнеркәсіптік қауымдастықтарда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, көптілділік, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы: Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы ұйымдастырушылық-экономикалық қызмет, мұнда түлектер экономист, орта буын менеджерлері, өзгерістерді басқару және тиімді бизнес-коммуникацияларды қалыптастыру жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істейді; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында — басшылар мен қызметкерлер ретінде; түлектер өз ісін құрып, дамытатын кәсіпкерлер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: 1. Әртүрлі салалардағы, аялардағы және меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері;
- Қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері; 3. Мемлекеттік және жергілікті билік органдары; 4. Академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары; 5. Жалпы білім беретін мекемелер, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беру мекемелері.
Берілетін академиялық дәреже: БББ бойынша экономика ғылымдарының магистрі 7М04101 «Экономика».
Білім беру бағдарламасы: 8D04103 «Экономика» (докторантура)
Білім беру бағдарламасының мақсаты 8D041 «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша «Экономика» білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша жоғары білікті философия докторларын (PhD), экономика саласындағы ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметте қоғам сұранысына ие инновациялық идеяларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті, елдің жаңғыруына жүйелі ғылыми негізде белсенді жәрдемдесетін оқытушы-зерттеушілерді даярлаудан тұрады.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
-«Экономика» мамандығы бойынша докторантура үздіксіз білім беру циклінің бөлігі болып табылады: бакалавриат — магистратура — докторантура;
- Жеке компанияларда, өнеркәсіптік қауымдастықтарда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
-Зерттеушілік дағдыларды дамыту үшін «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» оқу-зерттеу зертханасы бар;
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, көптілділік, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы: Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, онда түлектер басшылар, топ-менеджерлер, өзгерістерді басқару және тиімді бизнес-коммуникацияларды қалыптастыру жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істейді; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында — басшылар мен қызметшілер ретінде; түлектер өз ісін құратын және дамытатын кәсіпкер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет; аналитикалық сипаттағы мәселелерді шешумен байланысты ғылыми ұйымдардағы ғылыми-зерттеу қызметі; жоғары білім беру ұйымдарында және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет; ғылыми және ақпараттық-аналитикалық орталықтарда, эксперименттік-консалтингтік ұйымдарда аналитикалық қызмет.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: PhD докторантурасының білім беру бағдарламасы отандық та, әлемдік те еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектердің жұмысқа орналасу орындары — жоғары оқу орындары, барлық меншік нысандарындағы және халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, ғылыми-зерттеу және эксперименттік-консалтингтік ұйымдар, ақпараттық-талдамалық орталықтар, қазақстандық және халықаралық жобалық ұйымдар.
Берілетін академиялық дәреже: БББ бойынша «Философия докторы (PhD)» 8D04103 «Экономика»
БББ серіктестері: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Табыс Аудит Косалтинг» ЖШС, ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті, «ҰК «Азық-түлік корпорациясы» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту институты» ЖШС, «General Investment Logistics» ЖШС, «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» ЖШС, «Way of the Sunshine» ЖШС
«Әлемдік экономика» БББ бакалавриат университеттің Ғылыми кеңесінде 17.05.2019 ж. бекітілді, білім беру бағдарламалары тізілімінде 2.08.2019 ж. тіркелді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - әлемдік экономика және халықаралық қатынастар саласында жұмыс істеу үшін қажетті білім мен құзыреттіліктерге ие жоғары білікті халықаралық мамандарды даярлауға бағытталу.
Бағдарламаның бірегейлігі:
Ø Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы: жекеменшік компанияларда, консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс өтілінің болуы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы бар.
Ø Нұр-Сұлтан қаласындағы жалғыз бағдарлама;
Ø «Нархоз» университетінде және 30-дан астам шетелдік серіктес ЖОО-да академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
Ø Қос диплом алу мүмкіндігі: ҚазЭҚХСУ + Еуропалық университет (Испания);
Ø Сабақтар қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Кәсіби қызмет саласы:
- Халықаралық бизнес,
- Кәсіпорындардың, компаниялардың, банктердің және өзге де ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметі,
- Экономикалық дипломатия.
Білім беру бағдарламасы: 8D04103 «Экономика»
Білім беру бағдарламасының мақсаты 8D041 «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша «Экономика» білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша жоғары білікті философия докторларын (PhD), экономика саласындағы ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметте қоғам сұранысына ие инновациялық идеяларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті, елдің жаңғыруына жүйелі ғылыми негізде белсенді жәрдемдесетін оқытушы-зерттеушілерді даярлаудан тұрады.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
-«Экономика» мамандығы бойынша докторантура үздіксіз білім беру циклінің бөлігі болып табылады: бакалавриат - магистратура - докторантура;
- Жеке компанияларда, өнеркәсіптік қауымдастықтарда және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
-Зерттеушілік дағдыларды дамыту үшін «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» оқу-зерттеу зертханасы бар;
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, көптілділік, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы: Кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, онда түлектер басшылар, топ-менеджерлер, өзгерістерді басқару және тиімді бизнес-коммуникацияларды қалыптастыру жөніндегі мамандар ретінде жұмыс істейді; мемлекеттік және жергілікті басқару органдарында - басшылар мен қызметшілер ретінде; түлектер өз ісін құратын және дамытатын кәсіпкер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет; аналитикалық сипаттағы мәселелерді шешумен байланысты ғылыми ұйымдардағы ғылыми-зерттеу қызметі; жоғары білім беру ұйымдарында және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет; ғылыми және ақпараттық-аналитикалық орталықтарда, эксперименттік-консалтингтік ұйымдарда аналитикалық қызмет.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: PhD докторантурасының білім беру бағдарламасы отандық та, әлемдік те еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды, жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Түлектердің жұмысқа орналасу орындары — жоғары оқу орындары, барлық меншік нысандарындағы және халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, ғылыми-зерттеу және эксперименттік-консалтингтік ұйымдар, ақпараттық-талдамалық орталықтар, қазақстандық және халықаралық жобалық ұйымдар.
Берілетін академиялық дәреже: БББ бойынша «Философия докторы (PhD)» 8D04103 «Экономика»
БББ серіктестері: «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Табыс Аудит Косалтинг» ЖШС, ҚР ҰЭМ Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті, «ҰК «Азық-түлік корпорациясы» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, «Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту институты» ЖШС, «General Investment Logistics» ЖШС, «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» ЖШС, «Way of the Sunshine» ЖШС
Пәнаралық білім беру бағдарламасы
6B04104 «Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы
«Әлемдік экономика» бакалавриат БББ университеттің Ғылыми кеңесінде 17.05.2019 ж. бекітілді, білім беру бағдарламалары тізілімінде 2.08.2019 ж. тіркелді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты - әлемдік экономика және халықаралық қатынастар саласында жұмыс істеу үшін қажетті білім мен құзыреттіліктерге ие жоғары білікті халықаралық мамандарды даярлауға бағытталу.
Бағдарламаның бірегейлігі:
Ø Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы: жекеменшік компанияларда, консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс өтілінің болуы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы бар.
Ø Астана қаласындағы жалғыз бағдарлама;
Ø «Нархоз» университетінде және 30-дан астам шетелдік серіктес ЖОО-да академиялық ұтқырлық бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
Ø Сабақтар қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Кәсіби қызмет саласы:
- Халықаралық бизнес,
- Кәсіпорындардың, компаниялардың, банктердің және өзге де ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметі,
- Экономикалық дипломатия.
6В041 «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша 6В04103 «Экономика» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат
«Экономика» білім беру бағдарламасының барлық деңгейлері бойынша даярлаудың мақсаты: Оқу процесін біріктіру негізінде заманауи бизнес пен шаруашылық жағдайында жұмыс істеуге бәсекеге қабілетті экономистерді даярлау, сондай-ақ тұлғаның жан-жақты дамуындағы қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру.
Берілетін академиялық дәреже: Экономика және бизнес бакалавры (Оқу мерзімі: орта мектептен кейін – 4 жыл, колледжден кейін – 3 жыл, ЖОО-дан кейін – 2 жыл. Оқу нысаны – күндізгі және қашықтықтан);
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі (артықшылықтары):
- Университет базасында білім алушының үздіксіз білім беру циклі мүмкіндігі – бакалавриат, магистратура, докторантура;
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі;
- БББ-ны қамтамасыз ететін оқытушылардың 25%-ы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие;
- Әртүрлі салаларда жұмыс істей алатын экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау;
- БББ бизнес-ортаға бағытталған, мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып әзірленеді;
- Қос дипломды білім алу мүмкіндігі (Оңтүстік Корея университетімен, Еуропалық университет).
Кәсіби қызмет саласы: «Экономика» білім беру бағдарламасының түлектері өндірістік салада (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) да, өндірістік емес салада (қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, сауда) да экономист болып жұмыс істей алады.
Кәсіби қызмет саласы 1. Әртүрлі салалардағы, аялардағы және меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері;
- Қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері;
- Мемлекеттік және муниципалдық билік органдары;
- Академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- Жалпы білім беретін мекемелер, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беру мекемелері.
Серіктестер:
- «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
- «Табыс Аудит Косалтинг» ЖШС
- ҚР ҰЭМ мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті
- «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ
- «Ғылым қоры» АҚ
- Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы
- «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ
- «Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту институты» ЖШС
- «General Investment Logistics» ЖШС
- «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» ЖШС
7М041 «Бизнес және басқару» даярлау бағыты бойынша 7М04101, 7М04102 «Экономика» білім беру бағдарламасы туралы ақпарат
«Экономика» білім беру бағдарламасының барлық деңгейлері бойынша даярлаудың мақсаты: Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, экономикалық объектілердің қызметін талдай білетін, ғылыми негізделген қорытынды жасай алатын және өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың қажетті нысандарын таңдай білетін, басқару шешімдерін қабылдай алатын экономика ғылымдарының магистрлері мен экономика және бизнес магистрлерін мамандық бойынша даярлау.
Берілетін академиялық дәреже:
- Мамандық бойынша экономика ғылымдарының магистрі (Оқу мерзімі: 2 жыл. Оқу нысаны–күндізгі);
- Мамандық бойынша экономика және бизнес магистрі (Оқу мерзімі: 1 жыл. Оқу нысаны–күндізгі).
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі (артықшылықтары):
- БББ бойынша оқыту қолданбалы сипатқа ие, екі зерттеу зертханасы бар;
- Білім алушылардың жақын және алыс шетел университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
- Университет базасында білім алушының үздіксіз білім беру циклі мүмкіндігі – бакалавриат, магистратура, докторантура;
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі;
- БББ-ны қамтамасыз ететін оқытушылардың 25%-ы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие;
- БББ бизнес-ортаға бағытталған, мүдделі тараптардың пікірін ескере отырып әзірленеді.
Кәсіби қызмет саласы: «Экономика» білім беру бағдарламасының түлектері өндірістік салада (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) да, өндірістік емес салада (ғылым, қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина, сауда) да экономист және экономист-зерттеуші болып жұмыс істей алады.
Кәсіби қызмет саласы 1. Әртүрлі салалардағы, аялардағы және меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және талдамалық қызметтері;
- Ғылыми-зерттеу институттары;
- Қаржылық, несиелік және сақтандыру мекемелері;
- Мемлекеттік және муниципалдық билік органдары;
- Академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- Жалпы білім беретін мекемелер, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік және қосымша кәсіптік білім беру мекемелері.
Серіктестер:
- «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
- «Табыс Аудит Косалтинг» ЖШС
- ҚР ҰЭМ мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті
- «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ
- «Ғылым қоры» АҚ
- Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы
- «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ
- «Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту институты» ЖШС
- «General Investment Logistics» ЖШС
- «Қазіргі қоғамды зерттеу институты» ЖШС
- «Нұр Отан» партиясының саяси менеджмент мектебі
Білім берубағдарлама: 6В04111 «Digital бизнес» (бакалавриат)
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ең жаңа цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана отырып кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы: жеке компанияларда, консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдарында практикалық жұмыс өтілінің болуы, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие
- Білім алушылардың жақын және алыс шетел университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндігі;
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, көптілділік, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы: жеке кәсіпорындарды қоса алғанда, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар, ұлттық және халықаралық деңгейде цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлік, басқарушылық және цифрлық қызметті жүзеге асыратын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: бизнес пен басқаруда заманауи цифрлық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын отандық және халықаралық өндірістік және сауда компаниялары, цифрлық және электрондық кәсіпорындар, қаржылық және консалтингтік ұйымдар, сондай-ақ коммерциялық емес құрылымдар мен бірлестіктер.
Берілетін академиялық дәреже: 6В04111 «Digital бизнес» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры
Келесі қадамды жасаңыз.
Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.
