Негізгі мазмұнға өту

Кафедра туралы

Кафедраның жалпы ақпараты, миссиясы және даярлау бағыттары.

Жалпы ақпарат

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасы «Esil University» Мекемесінің Қолданбалы ғылымдар факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Кафедра 2017 жылы «Әлеуметтік жұмыс» және «Туризм және сервис» кафедраларын біріктіру жолымен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды.

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы, қауымдастырылған профессор Садыков Жасулан Амангельдыевич. 

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби даярлықты жүзеге асырады: 6В11401 — «Әлеуметтік жұмыс», 6В11101 — «Туризм» және 7М11401 — «Әлеуметтік жұмыс», 7М11402 — «Әлеуметтік жұмыс» (магистратура), ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2010 жылғы 03 ақпанда берген АБ№0137409 лицензиясына сәйкес (лицензияға қосымшаның нөмірі №0110347).

Кафедра білім беру және ғылыми қызметтің іске асырылуын қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы кафедра қызметінің басым бағыты болып табылады және білім алушыларда тиісті құзыреттіліктерді, сондай-ақ оларды туристік және әлеуметтік салада практикалық қызмет үшін қажетті қолдану дағдысын қалыптастыруға бағытталған.

Кадрлық әлеует

2025-2026 оқу жылында ОПҚ-ның жалпы саны 25 адамды құрайды, оның ішінде штаттық ОПҚ – 19, олардың арасында 5 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы, 10 магистр бар. Кафедра ОПҚ-сының ғылыми дәрежелілігі — 47% құрайды.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы монографиялар, оқулықтар, оқу құралдарын, жоғары импакт-факторы бар ғылыми рейтингтік мақалалар шығарады, Халықаралық конференциялар мен симпозиумдардың жұмысына қатысады, белгілі ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізеді.

Кафедраның ғылыми қызығушылықтары қазіргі қоғамның әлеуметтік мәселелерін және халықтың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу технологияларын зерттеуге; Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту мәселелеріне бағытталған.

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының педагогикалық ұжымы оқу жылы бойы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми форумдарда, конференцияларда және т.б. қатысып, баяндамалар жасайды. Кафедраның қызметі еуропалық және отандық Ғылым академияларымен мойындалған.

Қазіргі уақытта кафедра ұжымы модульдік білім беру бағдарламаларын жетілдіру және бакалаврлар мен магистранттарды даярлау бағыттарының тізбесін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ белсенді ғылыми қызмет жүргізіп жатыр.

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.