Негізгі мазмұнға өту

Кафедра туралы

Кафедраның жалпы ақпараты, миссиясы және даярлау бағыттары.

Жалпы ақпарат

«Esil University» мекемесінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы университет ректорының 2020 жылғы шілдедегі №01-29/50 бұйрығымен «Қазақ және шетел тілдері» және «Жалпы білім беретін пәндер» екі кафедраны біріктіру негізінде құрылды. «ӘГП» кафедрасының даму тұжырымдамасы жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған жоғары мектептің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие үдерістерінің қазіргі заманғы ерекшелігімен айқындалады. 

Кафедра пайымы: Кафедра қызметінің маңызды аспектісі білім беру процесін ізгілендіру болып табылады, өйткені Esil University мекемесінің түлегі теориялық және практикалық құзыреттіліктердің жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар жағымды тұлғалық қасиеттерге ие болуы, ізгілікті дүниетанымы болуы, ғылыми ізденіс және өзекті мәселелерді практикалық шешу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Кафедраның миссиясы: Білім алушыларда білім беру және құзыреттіліктерді, өзіндік жұмыс, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыру, үздіксіз және іргелі білім беруді қамтамасыз ету, оқу үрдісіне жаңа білім беру технологияларын енгізу және ойлау дағдысын, сондай-ақ стратегиялық және шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру

Кафедраның мақсаты: білім алушылардың тұлғасының әлеуметтік-мәдени даму деңгейін арттыру, олардың кәсіби терминологияны, кәсіби қызметтің адамгершілік негіздерін меңгеруі.

Кафедраның негізгі міндеттері:

– білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

– ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс;

– ПОҚ-тың ғылыми-зерттеу жұмысы;

– білім алушыларды тарта отырып, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;

– білім алушылардың шығармашылық әлеуетін анықтау мен дамытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу;;

– студенттермен тәрбие жұмысы.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы білім беру процесін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, студенттердің аудиториялық және өзіндік жұмысын жетілдіруге, университет мамандар даярлайтын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, оқу жұмысының барлық нысандарын, түрлері мен әдістерін жақсартуға бағытталған.

2023 жылдың шілдесінен бастап кафедраны доцент м.а., философия докторы (PhD) Юнисов Ерсин Абикулович басқарады.

Кадрлық құрам Университеттің, факультеттің және кафедраның басымдықтарына сәйкес білім алушыларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамының штаты ғылыми және оқытушылық қызметте үлкен тәжірибесі бар 32 адамды құрайды, олардың арасында: 1 педагогика ғылымдарының докторы, профессор; 3 доцент, 4 Ph.D докторы, 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 5 филология ғылымдарының кандидаты, 2 тарих ғылымдарының кандидаты және 16 магистр бар.

Оқу-әдістемелік жұмыс студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру, оқу үдерісіне кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін енгізу, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесін әзірлеу бағытында жүргізіледі. Кафедра оқытушылары оқу бағдарламаларын, дәрістер қорын, тесттерді, әдістемелік ұсынымдарды және пәндер бойынша басқа да материалдарды әзірлеуге белсенді қатысады.

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.