Білім беру бағдарламалары
«Құқық» кафедрасында мынадай білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүзеге асырылады:
6В04201 — «Кеден ісі» (академиялық «Құқық бакалавры» дәрежесі беріледі) «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы бойынша;
6В04202 — «Бизнес-құқық» (академиялық «Құқық бакалавры» дәрежесі беріледі) «Бизнес-құқық» білім беру бағдарламасы бойынша;
6В04203 — «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» (академиялық «Құқық бакалавры» дәрежесі беріледі) «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша;
6В04204 — «Құқықтану» (академиялық «Құқық бакалавры» дәрежесі беріледі) «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша;
Білім беру бағдарламасы:6В04201 – «Кеден ісі»
БББ мақсаты: «Кеден ісі» білім беру бағдарламасының мақсаты — кедендік мақсаттарда тауарларды сәйкестендіру, сараптау, бұрмалауын анықтау саласында білімі, біліктері мен дағдылары бар білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Сыртқы экономикалық компанияларда, кеден және қаржы ұйымдарында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
- — Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Астана қаласындағы жалғыз бағдарлама;
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығының ұсынымдарын ескере отырып құрастырылған, практикаға бағытталған білім беру бағдарламасы.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы:
Мемлекеттік кірістер органдары, әртүрлі меншік нысанындағы коммерциялық кәсіпорындар, өкілдік және логистикалық компаниялар.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары:
ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті және оның өңірлік бөлімшелері, кеден өкілі, халықаралық сауда компаниялары, логистикалық фирмалар.
Берілетін академиялық дәреже: 6В04201 — «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы бойынша «Құқық бакалавры».
Білім беру бағдарламасы: 6В04202 — «Бизнес-құқық»
БББ мақсаты: Цифрлық экономика жағдайында кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін құқықтық қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері мен әдістерін меңгерген, бизнес-процестерге байланысты кең ауқымды мәселелерді шешу үшін білімі, құзыреттіліктері мен дағдылары бар білікті заңгерлерді даярлау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Құқық қорғау органдарында, жеке заң компанияларында, нотариаттық палатада, адвокаттар алқасында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Астана қаласындағы жалғыз бағдарлама;
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі;
- Сот және құқық қорғау органдары, заң компаниялары, нотариаттық палата және адвокаттар алқасы қызметкерлерінің пікірлерін ескере отырып құрастырылған.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы:
- әкімдіктердің мемлекеттік-құқықтық бөлімдері;
- мемлекеттік кірістер органдары;
- нотариаттық, консультациялық, медиациялық және адвокаттық кеңселер.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: мемлекеттік органдар, мемлекеттік кірістер органдары, коммерциялық ұйымдар (кеден өкілі, медиация органдары), логистикалық, сақтандыру компаниялары, құқық қорғау органдары, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындар.
Берілетін академиялық дәреже: 6В04202 — «Бизнес-құқық» білім беру бағдарламасы бойынша «Құқық бакалавры».
Білім беру бағдарламасы: 6В04203 — «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету»
БББ мақсаты:экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу кезінде жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғауға және кепілдік беруге жәрдемдесе алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Құқық қорғау органдарында, жеке заң компанияларында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы,
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Астана қаласындағы жалғыз бағдарлама;
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
- сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің пікірлерін ескере отырып құрастырылған, экономикалық қауіпсіздіктің ерекшеліктерін ашатын пәндер енгізілген.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы:мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар, барлық меншік нысандарындағы ұйымдар, мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау органдары.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, құқық қорғау органдары, адвокаттар алқалары, нотариаттық кеңселер, коммерциялық кәсіпорындардың қауіпсіздік қызметі.
Берілетін академиялық дәреже:6В04203 — «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша «Құқық бакалавры».
Білім беру бағдарламасы: 6В04204 — «Құқықтану»
6В04204 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының миссиясы — құқықтың әртүрлі салаларында бәсекеге қабілетті заңгерлерді даярлау.
БББ мақсаты:Құқық саласында кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, өз бетінше ойлауға қабілетті, іргелі білімі, инновациялық тәсілдері, зерттеушілік дағдылары бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:
- Құқық қорғау органдарында, жеке заң компанияларында практикалық жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы,
- Шетелдік ЖОО-лармен қос диплом алу мүмкіндігі (Еуропалық университеттің бизнес мектебі, Испания; Каннам университеті, Оңтүстік Корея);
- Оқуға мемлекеттік грант алу мүмкіндігі.
- сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің пікірлерін ескере отырып құрастырылған, экономикалық қауіпсіздіктің ерекшеліктерін ашатын пәндер енгізілген.
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: академиялық алмасу, практикаға бағытталған оқыту.
Кәсіби қызмет саласы:мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындар, барлық меншік нысандарындағы ұйымдар, мемлекеттік басқару органдары, құқық қорғау органдары.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары: сот, құқық қорғау органдары және әділет органдары; орталық және жергілікті атқарушы және өкілді мемлекеттік органдар; адвокатура; нотариат; жеке ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, бизнес-құрылымдар.
Берілетін академиялық дәреже:6В04204 — «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Құқық бакалавры».
Келесі қадамды жасаңыз.
Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.
