Негізгі мазмұнға өту

Кафедра туралы

Кафедраның жалпы ақпараты, миссиясы және даярлау бағыттары.

«Құқық» кафедрасы

Кафедра 2010 жылы «Маркетинг және құқық» кафедрасы ретінде құрылды, 2018 жылдың қыркүйегінде «Халықаралық сауда және құқық» болып қайта аталды.

Кафедраның миссиясы: жұмыс берушілердің сұраныстарына сай келетін, әрі қарай табысты жұмысқа орналасу үшін құзыреттерге ие, құқық және кеден ісі саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кафедраның мақсаты: Құқық және кеден ісі саласында толыққанды әрі сапалы кәсіби білім беру.

Кафедраның негізгі міндеттері:

– кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауда үздік позицияларға қол жеткізу;

– білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін инновациялық оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;

– дуальды оқыту жүйесін жетілдіру және студенттерді қосымша сертификаттауды дамыту

– білім алушыларды тарта отырып ғылыми зерттеулер жүргізу.

Кафедра «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» Мемлекеттік мекемесінің білім беру қызметі бойынша берген лицензиясы негізінде білім беру қызметін жүргізеді:

Бакалавриат:

6В04110 – «Кеден ісі» (экономика)

6В04201 – «Кеден ісі» (құқық)

6В04202 — «Бизнес-құқық»

6В04203- «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету»

6В04204 – «Құқықтану».

2010 жылдан 2016 жылға дейін кафедраны экономика ғылымдарының докторы, профессор Каменова М.Ж. басқарды, ол кафедраның оқытушылар ұжымын қалыптастыруға, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.

2016 жылдың тамызынан 2023 жылға дейін кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Дарибаева Адасхан Кузембаевна басқарды.

2023 жылдан бастап «Құқық» кафедрасын заң ғылымдарының кандидаты, доцент Калиев Аскар Кадырович басқарады. Кафедраның кадрлық құрамы Университеттің, факультеттің және кафедраның басымдықтарына сәйкес білім алушыларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Профессор-оқытушылар құрамының штаты 19 адамнан тұрады, олардың ғылыми және оқытушылық қызметте үлкен өтілі, сондай-ақ құқық қорғау органдарында, мемлекеттік қызметте және коммерциялық фирмаларда практикалық жұмыс тәжірибесі бар, олардың ішінде: 2 заң ғылымдарының докторы, 4 заңтану бойынша PhD докторы, 1 экономика ғылымдарының кандидаты және 6 заң ғылымдарының кандидаты, 6 магистр.

Кафедра оқытушылары инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік жұмыс жүргізеді, оқу және ғылыми жұмысты жүзеге асырады, отандық және шетелдік ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, уәкілетті орган ұсынатын журналдарда және Scopus базасындағы рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы білім беру үдерісін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, білім алушылардың аудиториялық және өзіндік жұмысын жетілдіруге, нарық талаптары мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып оқу жұмысының барлық түрлері мен әдістерін жақсартуға бағытталған.

Кафедра түлектері мемлекеттік билік органдарында, министрліктер мен ведомстволарда, кеден органдарында, ұлттық және жеке компанияларда табысты жұмыс істейді.

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.