Тәрбие жұмысы

Ахметова Азиза Джаффаровна
Жастар істері жөніндегі комитеттің төрағасы

Балтабай Жанель Ерхановна
Жастар істері жөніндегі комитет басшысының орынбасары

Ташибаев Камран
Студенттік өзін-өзі басқару президенті
Тәрбие жұмысы – бұл болашақ мамандардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған университеттің оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі және жоғары оқу орнының стратегиялық дамуында маңызды орын алады.
Университеттегі тәрбие жұмысы қолданыстағы заңнамаға, нормативтік-құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының заңдарына және ішкі құжаттарға сәйкес «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», Президент Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жолға», сондай-ақ міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарларына, сондай-ақ университет пен деканаттардың тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы Декандармен, декан орынбасарларымен, кураторлармен бірлесіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы Әкімдігінің, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, «Жас Отан» партиясының Жастар қанатының, Астана қаласы «Байқоныр» аудандық әкімдігінің жәрдемімен жүргізіледі.
Біздің университетте іс-шаралардың жоспарлары мен анонстары қамтылған қолжетімді ақпарат көздері бар. Студенттік клубтардың, үйірмелердің, спорт секцияларының, шығармашылық ұжымдардың және т.б. келісілген жұмыс кестелері тәрбие жұмысын ұйымдастыру стендіне ілінеді. Толық ақпарат Esil University-дің ресми сайтында және Instagramm-да берілген. Студенттер желілерде белсенді жазбалар жүргізеді, ақпаратпен бөліседі, барлық ағымдағы мәселелер бойынша одан әрі ақпараттандыру үшін өз аккаунттарын жасайды.
Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері мыналар:
· рухани-адамгершілік, зияткерлік, мәдени құндылықтарды өзектендіру негізінде университеттің білім беру кеңістігінде студент тұлғасының өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі жетілдіруін және өзін-өзі жүзеге асыруын белсенді азаматтық рөлді орындауға және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікке бағыттай отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтегі іскерлік айналым ережелері мен нормаларын бұзуға жол берілмейтінін түсіну,
· Студенттердің оқуға кәсіби еңбек ретінде қарым-қатынасын және әлеуметтік-кәсіби топқа – экономист-менеджерлерге тиесілілік сезімін қалыптастыру.
· болашақ мамандардың адами және кәсіби қасиеттерін жан-жақты дамыту, студенттер үшін шамасы келетін шығармашылық қызметті, экономист-менеджерлер жұмысына деген қызығушылықты, таңдаған мамандығының теориялық базасын меңгерудегі дербестікті ұдайы ынталандыру.
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жалпықалалық және республикалық деңгейдегі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар осы аспектіге бағытталды.
