Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

Digital бизнес

  • Бейіндік пәндер

    Математика
    География

  • Бағдарлама сипаттамасы

    Ең жаңа цифрлық, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана отырып кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау

  • Бағдарламаның ерекшеліктері

    «Digital бизнес» білім беру бағдарламасы экономикалық білімді, кәсіпкерлік құзыреттерді және заманауи цифрлық технологияларды үйлестіретін мамандарды даярлауға кешенді және практикаға бағдарланған тәсілімен ерекшеленеді. Бағдарлама жүйелі және аналитикалық ойлауды, үлкен деректер массивтерімен жұмыс істеу біліктерін, бизнес-процестерді оңтайландыру және белгісіздік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау үшін цифрлық шешімдерді әзірлеу мен енгізуді қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламаның маңызды ерекшелігі — білім алушылардың білім беру және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтетін академиялық ұтқырлық, сондай-ақ цифрлық экономикада табысты қызмет ету үшін коммуникативтік және көшбасшылық қасиеттерді дамыту.

  • Оқу кезеңі

    4 жыл

  • Қызмет саласы

    Жеке кәсіпорындар, • әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық ұйымдар, • коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер

  • Меңгерілетін дағдылар

    «Digital бизнес» бағдарламасы бойынша оқыту барысында белгісіздік жағдайында экономикалық талдау, цифрлық технологиялар мен болжаудың заманауи әдістері негізінде кәсіпкерлік шешімдерді әзірлеу және іске асыру дағдылары қалыптасады. Түлектер дерекқорларды, цифрлық бизнес-процестерді, веб- және мобильді қосымшаларды жобалау саласындағы құзыреттерді, сондай-ақ маркетингтік және АКТ-құралдарын пайдалана отырып, ұлттық және халықаралық нарықтарда тауарлар мен қызметтерді ілгерілету құзыреттерін меңгереді. Аналитикалық ойлауды, көшбасшылық және коммуникативтік қасиеттерді, үздіксіз өзін-өзі дамытуға қабілеттілікті және цифрлық экономикада жауапты бизнес жүргізуді дамытуға ерекше назар аударылады.