27–28 мамырда «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Esil University-де Венгриялық Széchenyi István University (Дьёр қ.) профессоры, экономика ғылымдарының докторы — Ласло Ваза визитпен сөз сөйледі.
Екі күн бойы профессор Ваза университеттің оқытушылары, магистранттары мен докторанттары үшін келесі тақырыптар бойынша қызықты және өзекті дәрістер сериясын өткізді:
1. Connectivity as a New Foreign Policy Approach – the Case of Hungary 2. Importance of the Organization of Turkic States in the New World Order 3. The Rise of the Middle Corridor and Its Implications on Kazakhstan
Бұдан басқа, профессор PhD докторанттарымен ғылыми мақалалар мен диссертациялар дайындау мәселелері бойынша ғылыми кеңестер өткізіп, академиялық жазу мен зерттеу жұмысының халықаралық тәжірибесімен бөлісті.
Мұндай кездесулер — академиялық мобильділікті дамытудың, ғылыми көкжиектерді кеңейтудің және халықаралық ынтымақтастықтың маңызды қадамы!