22 сәуірде Esil University-де Калифорния университеті Санта-Барбара өкілі Виктор Мэттью мырзаның «Zoom conference» форматындағы қонақ дәрісі өтті.
Лектор 10 кампусты қамтитын Калифорния университетінің білім беру жүйесі туралы толығырақ баяндады. 6 Нобель лауреаты осы жоғары оқу орнында дәріс беретіні анықталды. Бұл кездесуді «СГД» кафедрасының аға оқытушысы Сапаров А.М. ұйымдастырды.


