Астана Халықаралық университетінде «Педагогикалық этика — мұғалім шеберлігінің негізі» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты — мұғалімнің этикасы мен беделінің теориялық және практикалық аспектілерін талқылау. Esil University «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының п.ғ.д., профессоры Урунбасарова Э.А. семинарға спикер ретінде шақырылып, «Педагогикалық этиканың теориялық негіздері» тақырыбында баяндама жасады.


