Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Enjoy English» викторинасы өтті

Esil University-де «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы ұйымдастырған «Enjoy English» атты ағылшын тіліндегі викторина өтті. Іс-шараны аға оқытушылар Нураханова Э.М. және Мусаканова Г.Е. жүргізді.

Зияткерлік жарыста «Әлемдік экономика» және «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» бағыттары бойынша оқитын бірінші курс студенттері қатысты. Қатысушылар ағылшын тілін жоғары деңгейде білетіндіктерін, эрудициясын және командада жұмыс жасай алатындықтарын көрсетті.

Esil University-де «Enjoy English» викторинасы өттіEsil University-де «Enjoy English» викторинасы өтті

Викторина лексика, грамматика және ағылшын тілді елдердің мәдениетіне қатысты сұрақтарды қамтыған серпінді форматта өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша үздік командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар студенттердің тілдік құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді және оларды білімдерін одан әрі жетілдіруге ынталандырады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық