Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Ғылыми семинар: «Көне түркі әліпбиі — қазақ жазуының негізі ретінде»

25 қыркүйекте «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. А.Ж. Досанова Тілдер күніне арналған «Көне түркі әліпбиі – қазақ әліпбиінің бастауы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Әдістемелік семинарда көне түркі әліпбиі, оның дыбыстық құрамы, А. Байтұрсынов негіздеген қазақ әліпбиімен ұқсастығы туралы мәселелер қаралды. Бұдан басқа, дауысты және дауыссыз дыбыстарды жіктеу, көне түркі жазуындағы сингармонизм заңы мәселелері талқыланды. Семинарда көне түркі жазуына байланысты тарихи материалдардың көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға факультет деканы А.А. Мухаметжанова, кафедра меңгерушісі Д.Х. Байдрахманов, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Ғылыми семинар: «Көне түркі әліпбиі — қазақ жазуының негізі ретінде»
ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық