Академиялық мобильділік аясында «Қаржы» кафедрасының оқытушылары — профессор Мусина Амина Аміржанқызы, доцент Алина Гүлжан Балтабайқызы — М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филиалының басшылығымен 4-курс экономика факультеті студенттеріне «Банк ісі» курсы бойынша сабақ жүргізуге шақырылды.
Сабақтар 2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін 90 академиялық сағатқа (18 апта) есептелген оқу бағдарламасы бойынша дәстүрлі оқу процесі нысандарында (офлайн форматта) жүргізілді. Пән бағдарламасына банк операцияларының негіздері бойынша тақырыптар дәстүрлі нысанда да, исламдық банкинг нысанында да енгізілді. 4-курс студенттері базалық цикл теориялық пәндері бойынша жеткілікті дайындалған болатын, бұл оларға қаржы секторының айтарлықтай өзіндік саласының арнайы пәнін қызығушылықпен оқуға мүмкіндік берді.
Сабақтарда Қазақстан банк секторының материалдары негізінде банктер операцияларын зерделеудің түрлі әдістері қолданылды. Дәрістерді оқу барысында белсенді әдістер мен заманауи ақпараттық технологиялар пайдаланылды: презентациялар, интернет-ресурстар материалдары. Ағымдық бақылау ретінде түрлі ақпараттық платформалар (Quizizz, Learningapps), ауызша сауалнамалар мен пікірталастар, миға шабуыл және тестік тапсырмалар қолданылды. Пәнді зерделеу нәтижелері студенттердің жоғары білім деңгейін растады, бұл жоғары қорытынды бағаларда көрініс тапты.
Жалпы академиялық ұтқырлық аясындағы ынтымақтастық жеткілікті тиімді және пайдалы болды: студенттерге ESIL University тәжірибесімен танысуға, сондай-ақ оқу-әдістемелік материалдары мен жарияланымдарымен бөлісуге мүмкіндік берді. МГУ филиалының кітапханасына ҚР ҰҒА академигі Сейтқасымов Г.С. редакциясымен жазылған авторлар ұжымының «Банк ісі» оқулықтары берілді, олар ҚР БҒМ ОӘКО ұсынған. МГУ филиалының басшылығы ESIL University-ге ҚР БҒМ ОӘКО ұсынған «Ақша, кредит, банктер» оқулығын сатып алуға өтінім берді.
Әртүрлі ЖОО-лардың оқытушыларының мұндай ынтымақтастығы экономикалық мамандықтардың түлектерінің тәжірибесін тарату мен білімін жоғарылатуға мүмкіндік береді.