«EsU» студенттері мен магистранттарына арналған тұлғалық даму бағдарламасы
Студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «EsU» жеке тұлғалық өсудің жылдық бағдарламасы: әр сейсенбі сайын 28 апта сабақ, 4 аптадан тұратын 7 блок және Бурабайдағы екі көшпелі сессия.
«EsU» бағдарламасы 28 аптаға (бүкіл оқу жылына) есептелген: әр блокқа 4 аптадан 7 блок және Бурабайдағы 2 көшпелі сессия (қысқы каникулда 3 күн және жазғы каникулда 3 күн).
Бағдарламаның мақсаттары — студенттер мен магистранттардың жеке тұлғалық өсу дағдыларын қалыптастыру, университет базасында табысты және амбициялы жастардың бизнес-клубын (қауымдастығын) құру.
Сабақтардың форматы мен ұйымдастырылуы
Мақсат қою – Өмірді трансформациялау
Имашев Айбек Бадуанович
Философия докторы (PhD), «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы, кондитерлік өнімдерді өндіру және сатумен айналысатын QazCake сауда маркасы бар «QazCake» ЖШС компаниясының директоры және құрылтайшысы.
