Негізгі мазмұнға өту

Кафедра туралы

Кафедраның жалпы ақпараты, миссиясы және даярлау бағыттары.

«Менеджмент» кафедрасы

«Менеджмент» кафедрасы университеттің жетекші кафедраларының бірі болып табылады, ол 6B04101 «Менеджмент», 6В04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 6В04112 "HR менеджмент" білім беру бағдарламалары (ББ) бойынша бакалаврларды, бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша 7М04106, 7М04105 «Менеджмент», 7М04104, 7М04103 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ бойынша магистрлерді, сондай-ақ 8D04104 «Менеджмент» ББ және 8D04106 "Мемлекеттік және жергілікті басқару" ББ бойынша докторанттарды даярлауды жүзеге асырады.

Кафедраның негізгі мақсаты – елдің жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған инновациялық білім мен кәсіби құзыреттіліктерге ие, менеджмент, мемлекеттік басқару саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындау. 

Кафедра EU Business School-да (Швейцария), Kangnam University-де (Оңтүстік Корея) дипломға Еуропалық қосымша және қос диплом алу мүмкіндігін береді.

Түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызы (бакалавриат 88%, магистратура 100%).

«Менеджмент» кафедрасы келесі университеттермен студенттер алмасу бойынша халықаралық бағдарламаларды жүзеге асыруға белсене қатысады:

  • Каннам университеті (Оңтүстік Корея);
  • Еуропалық университет (Швейцария);
  • «Нархоз Университеті» АҚ;
  • Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті;
  • Томаш Бати университеті (Злин қ., Чехия);
  • Вальядолид университеті (Испания);
  • «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ;
  • «ZIAT» ОӘО;
  • «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ;
  • «Көшбасшы, бизнес және дипломатияның халықаралық мектебі»;
  • РММ «ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті»;
  • «Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма» ММ;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ.

Кафедра меңгерушісі – PhD докторы Байгиреева Жанар Замашқызы. 

«Менеджмент» кафедрасының қызметіне кәсіпорындарда, мемлекеттік қызметте, сондай-ақ жоғары білім беру жүйесінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті оқытушылар тартылған – 6 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы, 2 ғылым магистрі. «EurasianExpertCouncib» ҚҚ, «Q-Promo» ЖШС, «ZIAT» ҒӘО кафедраның жұмыс істеп тұрған филиалдары бар.

Әр түрлі жылдары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағы кафедра оқытушыларына берілді – э.ғ.к., доцент Жуманова Б.К., э.ғ.д., профессор Турекулова Д.М., э.ғ.к. Мухамбетова Л.К, т.ғ.д., профессор Оразбаева К.Н.. 

2020-2021 оқу жылында э.ғ.д., профессор Турекулова Д.М. «BILIM-ORKENIET» Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ» республикалық байқауының жеңімпазы атанып, «Қазақстанның құрметті профессоры» наградасын алды. «BILIM-ORKENIET» Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы сондай-ақ э.ғ.к. Мухамбетова Л.К. мен э.ғ.к. Уажанов М.У. «Үздік ғылым кандидаты» атағын берді.

Кафедра оқытушылары инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, белсенді оқу-әдістемелік жұмыс жүргізеді, оқу жұмысын жүргізеді, сондай-ақ ғылыми жұмысты жүзеге асырады, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады, Университет Хабаршысында ғылыми мақалалар, импакт-факторы бар мақалалар, Thomson Reuter мақалаларын және Қазақстанның рейтингтік журналдарында мақалалар жариялайды; Министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдар, халықаралық қорлар мен ұйымдар қаржыландыратын өзекті бағыттар бойынша ғылыми жобаларға, бағдарламаларға, сараптамаларға қатысады.

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.