Негізгі мазмұнға өту

Білім беру бағдарламалары

Кафедраның бакалавриат және магистратура бағдарламалары.

«Қаржы» білім беру бағдарламасы

«Қаржы» кафедрасы үздіксіз білім беру циклін құрайтын 4 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды:

1) «Қаржы» БББ - бакалавриат

2) «Қаржы» БББ - бейіндік бағыттағы магистратура

3) «Қаржы» БББ - ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура

4) «Қаржы» БББ - докторантура

Барлық білім беру бағдарламалары практикаға бағытталған, қаржы секторы мен ғылыми орта өкілдері — жұмыс берушілердің қатысуымен әзірленген.

«Қаржы» білім беру бағдарламасы (бакалавриат)

Түлектер — қаржы бакалаврлары — барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарында, банк мекемелерінде, сақтандыру, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, зейнетақы, инвестициялық компанияларда, ломбардтарда, микрокредиттік ұйымдарда, кредиттік серіктестіктерде, бағалы қағаздар нарығында, сақтандыру, қаржы және инвестициялық нарықтарда, ақша және капитал нарықтарында кәсіби, талдамалық, консультациялық қызметті жүзеге асырады.

Оқу мерзімі – 4 жыл.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі:

  • Оқытудың қолданбалы сипаты, FREEDOM FINANCE KAZAKHSTAN банкінде зертхана және кафедра филиалы бар
  • Әртүрлі салаларда жұмыс істей алатын қаржы-экономикалық бейіндегі мамандарды даярлауға бағытталу
  • ПОҚ біліктілігінің жоғары деңгейі, ғылыми дәрежелілік 76% құрайды
  • Қаржы секторында практикалық жұмыс тәжірибесі мол оқытушылар жұмыс істейді
  • Білім алушының үздіксіз білім беру циклі – бакалавриат, магистратура, докторантура
  • Соңғы 3 жылда бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуының жоғары деңгейі — орта есеппен 80%
  • бакалавриаттың білім беру бағдарламасы «EDUQAS» (ERASMUS) жобасы аясында FIBAA халықаралық аккредиттеуінен өтті, НААР, НАОКО, «Атамекен» ҰКП агенттіктерінің жоғары рейтингтеріне ие
  • Қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асырылуда — Оңтүстік Кореядағы Каннам университетімен, Швейцариядағы Еуропалық университетпен, University Of Economic And Human Science (Польша) қос диплом бағдарламасын іске асыру туралы шарттар жасалды, Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен (Беларусь Республикасы) бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру туралы келісім жасалды.
  • Академиялық ұтқырлық
  • білім беру бағдарламасының серіктестермен — Қазақстанның жетекші банктерімен, сақтандыру компанияларымен, кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді шарттары бар

 БББ мақсаты - мемлекеттік қаржы, қаржы менеджменті, банкинг және сақтандыру саласында қаржы бакалаврының құзыреттіліктеріне қол жеткізуге бағытталған базалық кәсіби даярлықты қамтамасыз ету

Кәсіби қызмет саласы

«Қаржы» бакалавриат БББ түлектері кәсіпорындарда, мемлекеттік қаржы және салық органдарында, банктерде, сақтандыру компанияларында қаржыгер лауазымында жұмыс істей алады.

Қаржы бакалаврлары қаржыны басқару мен ұйымдастырумен, микро- және макродеңгейде ақша-кредит және фискалдық саясатты жүргізумен айналысады, тәуекел-менеджментті жүзеге асырады

Осы бейіндегі бакалаврлар компаниялардың қаржылық жағдайын талдауы, кірісті арттыруға, шығындар мен тәуекелдерді азайтуға ықпал етуі, нарықтың сапалы қаржы қызметтерін көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс

 Оқу нәтижелері

Оқу барысында студенттер жалпы білім беру, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттіліктер кешенін игереді. Оқудың кәсіби нәтижелерінің қатарында түлектер мыналарға қабілетті:

  • қаржы-бюджеттік және ақша-кредиттік реттеудің ұйымдастырылуын, қаржы-банк жүйесінің жұмыс істеуінің теориялық және практикалық аспектілерін түсіну;
  • ҚР заңнамалық актілерінде және халықаралық құқық нормаларында көзделген құқықтық өріс шеңберінде қаржы жүйесінің, шаруашылық қызмет субъектісінің тұрақты, орнықты жұмыс істеуі үшін қаржы-құқықтық тетіктің нысандары мен әдістерін қолдану;
  • басқару шешімдерін қалыптастыру мақсатында экономикалық талдаудың қаржылық әдістерін пайдалану;
  • мемлекеттік және корпоративтік қаржыны ұйымдастырудың, ақша-кредиттік реттеудің және қаржы ұйымдары қызметінің заңнамалық нормаларын түсіндіру;
  • қаржы саласында талдамалық жұмыс жүргізу үшін әдіснама мен ғылыми аппаратты меңгеру

«Қаржы» БББ (бейіндік бағыттағы магистратура)

Бейіндік бағыттағы магистратура — бизнес, қаржы жүйесі, мемлекеттік қаржы органдары, банк және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет үшін терең кәсіби дайындығы бар басқарушы кадрларды даярлауға арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің практикаға бағытталған білім беру бағдарламасы.

Оқу мерзімі – 1 жыл.

БББ мақсаты - қаржы менеджменті мен мемлекеттік қаржы, банк және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет саласында қаржы саласының бәсекеге қабілетті мамандары — магистранттардың кәсіби даярлығын қамтамасыз ету.

Түлектер — қаржы магистрлері — барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарында, банк мекемелерінде, сақтандыру, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, зейнетақы, инвестициялық компанияларда, ломбардтарда, микрокредиттік ұйымдарда, кредиттік серіктестіктерде, бағалы қағаздар нарығында, сақтандыру, қаржы және инвестициялық нарықтарда, ақша және капитал нарықтарында кәсіби, талдамалық, консультациялық қызметті жүзеге асырады.

 Оқу нәтижелері

Оқу барысында магистранттар жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттіліктер кешенін игереді. Оқудың кәсіби нәтижелерінің қатарында түлектер мыналарға қабілетті:

  • макроэкономикалық реттеу жүйесінде қаржының жұмыс істеу заңдылықтарын ұғыну және бағалау, олардың дамуын заманауи шындықты ескере отырып түсіндіру және болжау;
  • кәсіпкерлік субъектілері мен қаржы институттары қызметінің заңдылығын анықтау, құқық нормаларын қолдануды түсіндіру, экономикалық қызмет субъектілерінің қаржылық қызметін бағалау және рейтингтеу;
  • қаржылық реттеу мәселелерін бағалау және оларды шешу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау, оларды ғылыми тұжырымдармен, дәйектермен және практикалық есеппен негіздеу;
  • қаржылық мониторинг пен мемлекеттік аудит тетігінің қаржылық көрсеткіштерін саралау және салыстыру, экономикалық субъектілердің қаржылық қызметін диагностикалау, қорытынды тұжырымдау, анықталған қауіптерді шешуге бағытталған қаржылық шешімдерді қабылдауды негіздеу;
  • микро- және макродеңгейде бюджеттер мен қаржылық жоспарларды жобалау; кәсіпорынды, қаржы институтын басқарудағы іс-қимыл тәртібін реттеу және сипаттау, мемлекеттік және корпоративтік салық менеджменті, банк және сақтандыру менеджменті құралдарын қолдануды түсіндіру.

«Қаржы» БББ (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура)

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура — ғылыми-зерттеу институттары, қаржы-экономикалық бейіндегі ЖОО-лар, бизнес, қаржы жүйесі, мемлекеттік қаржы органдары, банк және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет үшін терең ғылыми-педагогикалық және зерттеушілік дайындығы бар басқарушы кадрларды даярлауға арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің практикаға бағытталған білім беру бағдарламасы

Оқу мерзімі – 2 жыл.

БББ мақсаты – мемлекеттік қаржы мен қаржы менеджменті, банк және сақтандыру бизнесі, инвестициялық қызмет саласында жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылыми сфераның ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлауды қамтамасыз ету.

Түлектер — қаржы магистрлері — ЖОО-ларда ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметті, сондай-ақ барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындардың қаржы басқармалары мен бөлімдерінде, қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарында, банк мекемелерінде, сақтандыру, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, зейнетақы, инвестициялық компанияларда, ломбардтарда, микрокредиттік ұйымдарда, кредиттік серіктестіктерде, бағалы қағаздар нарығында, сақтандыру, қаржы және инвестициялық нарықтарда, ақша және капитал нарықтарында кәсіби, талдамалық, консультациялық қызметті жүзеге асырады.

 Оқу нәтижелері

Оқу барысында магистранттар жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттіліктер кешенін игереді. Оқудың кәсіби нәтижелерінің қатарында түлектер мыналарға қабілетті:

негізгі парадигмалар мен тұжырымдамаларды, макроэкономикалық реттеу жүйесінде қаржының жұмыс істеу заңдылықтарын біріктіру және бағалау, олардың дамуын заманауи шындықты ескере отырып түсіндіру және болжау;

  • құқық нормаларын қолдана отырып, кәсіпкерлік субъектілері мен қаржы институттары қызметінің заңдылығын анықтау, экономикалық қызмет субъектілерін бағалау және рейтингтеу;
  • тәуекелдер мен қауіптерді бағалаудың заманауи әдістерін пайдалану негізінде қаржы нарығының жай-күйін талдау; фискалдық және ақша-кредиттік реттеу мәселелерін анықтай отырып, оларды ғылыми негіздеу мен практикалық есептер негізінде шешу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
  • ұйымның ішкі және сыртқы ортасының тәуекелдерін талдай отырып, экономикалық субъектілердің қаржылық қызметін диагностикалау және анықталған қауіптерді шешуге бағытталған тәуекелге қарсы шараларды әзірлеу;
  • қаржылық көрсеткіштерді есептеу және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау, мемлекеттік және корпоративтік салық менеджменті, банк және сақтандыру менеджменті құралдарын қолдана отырып, микро- және макродеңгейде бюджеттер мен қаржылық жоспарларды жобалауға қабілетті.

«Қаржы» БББ (докторантура)

Мақсат білім беру бағдарламасы қаржы саласындағы ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметте қоғам сұранысына ие инновациялық идеяларды әзірлеуге және іске асыруға қабілетті, елдің жаңғыруына жүйелі ғылыми негізде белсенді жәрдемдесетін педагог-зерттеушілерді даярлаудан тұрады

Оқу мерзімі – 3 жыл.

Кәсіби қызмет саласы

· Іргелі және қолданбалы экономикалық зерттеулер

· Жоғары экономикалық білім

· Консалтинг

· Қаржыны басқару

Кәсіби қызмет объектілері:

· Ғылыми-зерттеу институттары

· Жоғары оқу орындары

· Консалтингтік ұйымдар

· Мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық компаниялардың, сауда-өнеркәсіп палаталарының және өзге де іскерлік қауымдастықтардың талдамалық орталықтары мен департаменттері

· Қаржы секторының мекемелері мен ұйымдары

· Мемлекеттік қаржы органдары

· Компаниялар, кәсіпорындар және ұйымдар

Оқу нәтижелері

Оқу барысында докторанттар базалық, жалпы кәсіби және бейіндік құзыреттіліктер кешенін игереді, оқу аяқталған соң олар мыналарға қабілетті:

  • экономиканың мезо- және макродеңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді анықтау және оларды шешу үшін жоспарлау мен болжаудың қаржылық әдістерін қолдана отырып, зерттеу саласын жүйелі түсінуді көрсете отырып, қаржы саласында экономикалық даму стратегияларын әзірлеу;
  • қаржылық реттеу процестерін сын тұрғысынан бағалау, фискалдық және ақша-кредиттік реттеу мәселелерін анықтай отырып, оларды ғылыми негіздеу мен практикалық есептер негізінде шешу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;
  • негізгі парадигмалар мен тұжырымдамаларды, макроэкономикалық реттеу жүйесінде қаржының жұмыс істеу заңдылықтарын біріктіру, олардың дамуын заманауи шындықты ескере отырып түсіндіру;
  • жобаларды әзірлеу, олардың тиімділігін бағалау әдістерін қолдану;
  • қаржы институттары қызметінің ішкі және сыртқы факторларын жан-жақты және кешенді талдау негізінде олардың қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу

Қаржы кафедрасы – жетекші кафедралардың бірі әрі «Бизнес және басқару» факультетінің оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедрада 17 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың 2-уі ғылым докторы, 8-і экономика ғылымдарының кандидаты, 1-уі PhD докторы, ғылыми дәрежеге ие болу көрсеткіші 65% құрайды.

«Қаржы» БББ (Бакалавриат, Магистратура) тәуелсіз халықаралық FIBA агенттігінің халықаралық аккредиттеуінен өтті, сондай-ақ НААР, НАОКО агенттіктерінің жоғары рейтингтеріне ие.

«Қаржы» БББ академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысады. Мәселен, ПОҚ, магистранттар мен студенттердің серіктестік академиялық ұтқырлығы келесі ЖОО-лармен тұрақты негізде жүзеге асырылады: Оңтүстік Кореядағы KANGAM University, Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы), И.Т. Трубилин атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университеті (Краснодар, Ресей), Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты.

«Қаржы» кафедрасының ПОҚ күшімен «Қаржы» БББ пәндерінің кітаппен қамтамасыз етілуі орындалады. Осылайша соңғы жылдары Г.С. Сейткасимов пен А.А. Мусинаның редакциясымен ОӘБК ұсынған «Деньги. Кредит. Банки» оқулығы 28 б.т. көлемінде, 5-басылым, толықтырылған және өңделген түрде шығарылды. Авторлар құрамына: э.ғ.д., профессор Мусина А.А., э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алина Г.Б, э.ғ.к., доцент Джумабекова А.Т. кірді. Оқу құралдары жарияланды: э.ғ.к. доцент Лукпанова Ж.О. «Инвестициялық жобалау» 12,2 б.т. көлемінде 2022 ж., Берстембаева Р.К. Компанияларды қаржылық сауықтыру. 2019. (14 б.т.) Тойжигитова Ж.А. Сақтандыру. 2020. (11,4 б.т.); А.Т. Джумабекова Төлем жүйелері. 2021. 15,6 б.т.

«Қаржы» БББ студенттері мен магистранттарының жұмысқа орналасуын және өндірістік кәсіби практикадан өтуін қамтамасыз ету үшін кафедра жұмыс берушілермен — бизнес-құрылымдар, мемлекеттік органдар және қаржы институттарының өкілдерімен белсенді ынтымақтасады.

«Сбербанк» ЕБ АҚ, «Forte Bank» АҚ, «First Heat Land «JUSAN BANK» АҚ-мен ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді меморандумдар мен шарттар бар, АҚ « Freedom Finance Bank», «KaspiBank» АҚ, «Отбасыбанк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «АСКО» сақтандыру компаниясы, «ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша МКД «Астана-жаңа қала» мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ, «НОМАД Иншуранс сақтандыру компаниясы» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы. «Қаржы» БББ студенттері мен магистранттарының соңғы 3 жылдағы жұмыспен қамтылуы орта есеппен 80% құрайды.

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.