Негізгі мазмұнға өту
*ESIL University

Білім алушыларды тіркеу және оларға қызмет көрсету орталығы

Esil University білім алушыларды тіркеу және қызмет көрсету орталығы білім алушыларға сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуді — қызметтерді уақтылы ұсынуды және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Орталық құрамына Тіркеуші офисі және Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімі кіреді.

Esil University білім алушыларды тіркеу және оларға қызмет көрсету орталығы қызметінің мақсаты — қызметтер мен ақпараттық қолдауды уақтылы әрі сапалы көрсетуді қамтамасыз ету үшін білім алушыларға сапалы және жылдам қызмет көрсету.

Білім алушыларды тіркеу және қызмет көрсету орталығы екі құрылымдық бөлімшеден тұрады: Тіркеуші офисі және Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімі.

*Нормативтік база

Орталық нені басшылыққа алады

Сапа саласындағы саясат және мақсаттарEsil University-дің сапа саласындағы саясаты мен мақсаттары.
ҚР заңнамасыҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы.
Мекеме ЖарғысыEsil University мекемесінің Жарғысы.
Академиялық саясатEsil University академиялық саясаты және университеттің басқа да ішкі нормативтік құжаттары.
*Бөлімшелер

Орталықтың құрылымы

Тіркеуші офисі (ТО) — білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізетін, білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және білім алушының академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін Esil University-дің академиялық қызметі. Білім алушылардың қозғалысын тіркеу бөлімі (БҚТБ) білім алушылардың қозғалысын есепке алуды жүзеге асырады.

01Тіркеуші офисі: функциялары
Оқу жетістіктерінің тарихыБілім алушының оқу жетістіктерінің барлық тарихын тіркеу, білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыру және оның академиялық рейтингін есептеу.
Білім алушылардың дерекқорлары«Platonus», «БЖМАЖ», «ҰБДҚ», «Moodle» және т.б. жүйелерде білім алушылардың дерекқорын енгізу, қалыптастыру және жаңарту.
Контингент мониторингіБілім алушылардың сапалық және сандық контингентін талдау және мониторингілеу.
Статистикалық есептілік1-НК, 3НК нысандары бойынша жыл сайынғы статистикалық есепті, сондай-ақ ресми сұраныс бойынша түрлі ведомстволар мен мекемелерге әкімшілік есептілікті жасау.
Емтихан нысандарыАралық және қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізу нысандарын бекітуге дайындау.
Пәндерді бекітуОқу пәндерін оқытушыларға бекіту жұмысын ұйымдастыру.
Пәндерге тіркелуОқу пәндеріне тіркеуді және қайта тіркеуді жүзеге асыру.
Транскрипттер мен дипломдарТранскрипттерді, диплом дубликаттарын және қосымшаларды беру.
02СҚБТБ: негізгі міндеттер
Жеке іс қағаздарыБілім алушылардың жеке іс қағаздарын есепке алу және сақтау.
Ай сайынғы қозғалыс есебіКонтингент қозғалысы мен білім алушылар құрамының ай сайынғы есебін жүргізу.
Дербес есепке алуБілім алушылардың барлық санаттарын дербес және статистикалық есепке алу.
03СҚБТБ: функциялары
Бірінші курс студенттерінің жеке іс қағаздарын қабылдауҚабылдау комиссиясынан бірінші курс студенттерінің жеке іс қағаздарын актілер бойынша қабылдап, кейіннен белгіленген тәртіпте есепке алу, жүргізу (ауыстырулар, дербес деректердегі өзгерістер, берілетін академиялық демалыстар, жеке оқу кестелері, оқудан шығару және (немесе) қайта қабылдау және т.б.) және сақтау.
Құжаттардың түпнұсқаларын беруОқу аяқталғанда немесе жоғары оқу орнынан шығарылуына байланысты студенттің жеке іс қағазындағы құжаттардың түпнұсқаларын беру.
Құжаттардың көшірмелеріСтуденттердің жеке іс қағаздарында сақталатын құжаттар түпнұсқаларының көшірмелерін дайындау және білім алушыларға беру.
Контингент қозғалысы бойынша бұйрықтарБілім алушылар контингентінің қозғалысы бойынша мәліметтер жасау және бұйрықтар дайындау.
Электрондық есепке алуЭлектрондық есепке алу дерекқорын уақтылы толықтыру және жаңарту.
Мемлекеттік органдарға арналған анықтамаларЗейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне арналған анықтамаларды беру.
Сұраулар бойынша хат алмасуБілім алушылардың оқу ұйымдарының сұрауларымен хат алмасуды жүзеге асыру.
Нострификацияны бақылауУниверситетке қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрінде заңмен белгіленген тәртіпте нострификация рәсімінің орындалуын бақылау.
*Байланыс

Бізбен қалай байланысуға болады

МекенжайА. Жұбанов көшесі 7, бас корпус, 206, 207 кабинет
Телефон+7 (7172) 725 401, (ішкі: 198)
Электрондық поштаoffice_registrar@esil-edu.kz

Онлайн анықтама алу нұсқаулығы