Қазтұтынуодағының Қарағанды университетінде Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған «Әлеуметтік жұмыс» пәні бойынша XVIII Республикалық студенттік олимпиада өтті.
Іс-шараға алты университеттің студенттері қатысты. Біздің жоғары оқу орнынан Айман Адебитова мен Жансұлу Ромханқызының жетекшілігімен Жолды Алина, Қусайынова Жансая (2 курс) және Мұса Балнұр (3 курс) өнер көрсетті.


