Esil University «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Қалиев А.Қ., кафедра доценті, заң ғылымдарының кандидаты Кемелбеков С.Т. бірлесіп М. Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия мен №93 мектеп-лицейдің 8-11 сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізді.
Дәріс «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және оның профилактикасы», «Буллинг» тақырыптарында өтті. Сонымен қатар, оқушылар өз сұрақтарына жауап алды.


