Баян-Өлгий аймағында 25-26 наурыз аралығында жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған білім беру көрмесі өтті. Өткізу алаңы — Баян-Өлгий аймағының Музыкалық-драмалық театры болды.
Көрмеге Esil University қоса алғанда 11 жоғары оқу орны қатысты. Іс-шара білім беру ұйымдарының өкілдерін, абитуриенттерді және білім саласының мамандарын біріктіріп, тәжірибе алмасу мен білім беру бағдарламаларын таныстыру үшін маңызды алаңға айналды.

