2025 ж. 14 ақпанЖаңалықтар
Esil University-ге Қазақстандағы Erasmus Office өкілі келді
Университетімізге Қазақстандағы Ұлттық Erasmus Office өкілі Лаура Палуанова келді. Ол Esil University оқытушыларымен кездесу өткізіп, мыналар туралы айтып берді:
• Erasmus жобалары және олардың білім беру процесіндегі маңызы • Университеттер мен оқытушылардың қатысу мүмкіндіктері • Өтінімдер беруге арналған өзекті тақырыптар
Атап өтейік, Erasmus — халықаралық ынтымақтастық, академиялық мобильділік және инновациялық білім беру жобаларын іске асыру үшін тамаша мүмкіндік.
Esil University Лаура Қалабайқызына құнды білімі мен университетімізде халықаралық бастамаларды дамытуға деген ынтасы үшін алғыс білдіреді!