2025 ж. 26 қыркүйекЖаңалықтар
Esil University Қырғыз ұлттық университетімен меморандумға қол қойды
Esil University-де ҚР ҰҒА академигі, профессор Г.С. Сейткасимовтың 85 жылдығына арналған «Сейткасимов оқулары – 2025» «Қазақстанның цифрландыру жағдайындағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын дайындау аясында шетелдік серіктестермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен (Бішкек қ.) ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Талқылауға шет елдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты: Далянь технологиялық университетінің Жоғары білім беру мектебінің профессоры (ҚХР) Хэ Сяофан, Беларусь мемлекеттік экономика университетінің (Беларусь) доценті Галина Турбан, Далянь политехникалық университетінің профессоры (ҚХР) Го Шухун, сондай-ақ Ж. Баласағын атындағы ҚҰУ-дың доценті, Докторантура мектебінің директоры Алмазбек Дооранов.