Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University 25 жылдығына орай атаулы аудиториялар мен зертханалар ашты

Esil University-дің 25 жылдығы құрметіне атаулы оқу аудиторияларын және зертханаларын салтанатты ашу рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының бірінші ректоры, академигі Ғабдығапар Сейтқасымовтың атындағы аудитория, э.ғ.д., профессор, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі Алданыш Нұрымовтың атындағы «FinTechLab» оқу зертханасы, п.ғ.д., профессор Сәрсенғали Абдыманаповтың атындағы «Математикалық және компьютерлік модель» оқу зертханасы, э.ғ.д., профессор Сайлау Байзақовтың атындағы «Экономикалық-математикалық модельдеу» оқу зертханасы таныстырылды.

Esil University 25 жылдығына орай атаулы аудиториялар мен зертханалар аштыEsil University 25 жылдығына орай атаулы аудиториялар мен зертханалар ашты

Іс-шараға университет басшылығы мен оқытушылары, құрметті профессорлардың туыстары, сондай-ақ шақырылған ғалымдар, докторанттар, магистранттар, серіктес жоғары оқу орындарының, компаниялардың өкілдері, шетелдік қонақтар және университет түлектері қатысты.

Esil University ректоры Аяпберген Таубаев өз сөзінде бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, жаңа аудитория мен зертханалардың ғылыми прогресс пен білім беру жетістіктерінің орталықтарына айналатынын, сондай-ақ аттары болашақ студент ұрпақтарын шабыттандыратын ғалымдардың еңбегіне ризашылықтың көрінісі болатынын атап өтті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық