Esil University Қарағанда қаласындағы «Samga Academy» білім беру орталығы ұйымдастырған «Samga Fest» атты ауқымды іс-шараға қатысты.
Бұл іс-шара жетекші жоғары оқу орындарының дарынды студенттерімен кездесуге мүмкіндік ашты. Университет өкілдері болашақ түлектермен кездесіп, түсу мүмкіндіктері мен шарттары туралы айтқан алаңда Esil University студенттері де болды, олар би нөмірін орындап, қатысушыларды бір шаттыққа бөледі.


