Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University мен Торғай колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Білім беру мекемелері арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту және академиялық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Esil University мен КМҚК «Н. Күлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсімі Қостанай облысының Арқалық қаласындағы Торғай гуманитарлық колледжінің базасында өтті. Esil University атынан кездесуге академиялық мәселелер жөніндегі бірінші проректор Серік Мақыш қатысты, колледж тарапынан — директор Руслан Мамбетов.

Esil University мен Торғай колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдыEsil University мен Торғай колледжі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Меморандум білім беру, ғылым және студенттерді практикалық дайындау саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Тараптар білім беру жобаларын бірлесіп іске асыру, тәжірибе алмасу және болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру туралы келісімге келді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық