12 маусымда Esil University мен Қарағанды жоғары политехникалық колледжі арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қою өтті.
Құжат академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға, кәсіптік бағдарлау жұмысын дамытуға, бірлескен іс-шаралар мен дәрістер ұйымдастыруға, сондай-ақ студенттердің білім беру траекториясын таңдауында қолдау көрсетуге бағытталған. Esil University атынан қол қою рәсіміне кәсіптік бағдарлау басқармасының бастығы Берік Аханов қатысты.


