Қазақстан Республикасында Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған 2026 жылы Esil University білім беру және қолданбалы қызметке цифрлық және ЖИ-шешімдерді енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруда.
Университет оқу процесіне, ғылыми-зерттеу жұмысына және практикаға бағытталған жобаларға жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізуде. Бүгінгі күні университетте негізгі процестерді қолдауды қамтамасыз ететін бірқатар ЖИ-агенттер жұмыс істейді. Олар академиялық және мансаптық кеңес беру, білім беру ресурстарын интеллектуалды іздеу, оқу материалдарын дайындауды автоматтандыру, абитуриенттер мен студенттерге сүйемелдеу, сондай-ақ психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін пайдаланылады. Барлық шешімдер бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктірілген.

