2025 ж. 28 қазанЖаңалықтар
Қарағанды қаласының оқушылары Esil University-ге барды
Esil University-дің кәсіптік бағдарлау жұмысы аясында Қарағанды қаласынан оқушылардың сапары өтті.
Қонақтарға Esil University амбассадорлары жүргізген университет бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары оқу аудиторияларын, кітапхананы, актовый залды, Esil Media Hub-ты аралап, инфрақұрылыммен және оқу жағдайларымен танысты.
Университет өкілдері мектеп оқушыларына бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары, студенттер үшін халықаралық мүмкіндіктер, оның ішінде академиялық мобильділік, айырбас бағдарламаларына қатысу, мемлекеттік, ішкі гранттар мүмкіндіктері, сондай-ақ түсушілер үшін жеңілдіктер туралы айтты.