Esil University-де Астана қаласының «Astana Clinic» мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылған «Репродуктивтік денсаулық» тақырыбындағы тренинг өтті. Іс-шара барысында мамандар жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтаудың және ағзаға зиянды әсерді болдырмайтын салауатты әдеттерді қалыптастырудың маңыздылығын талқылады.
Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтының принциптеріне басты назар аударылды. Тренинг студенттерді ағарту және олардың денсаулықты ұзақ мерзімді перспективада сақтауға ықпал ететін тұрақты дағдыларын қалыптастыруда маңызды қадам болды.


