Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Әлемдік поэзияның сүйіктілері» тақырыбында шығармашылық семинар

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасында «Әлем поэзиясының сүйіктілері» шығармашылық семинары өтті. Семинар А.С. Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналды.

Семинар жұмысына Esil University-дің «Ақпараттық жүйелер», «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты.

«Әлемдік поэзияның сүйіктілері» тақырыбында шығармашылық семинар«Әлемдік поэзияның сүйіктілері» тақырыбында шығармашылық семинар

Шығармашылық семинар барысында студенттер Абай мен Пушкин шығармашылығының үндестігін, мәңгілік достықтың символы — Петропавл қаласындағы екі ақынның ескерткішін талқылады. А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасының қызықты деректері мен Қазақстанда ұлы ақындар құрметіне өткізілген іс-шаралар жайында айтылды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық