14-17 қараша күндері Мәскеуде 40 елдің спортшылары арасындағы пауэрлифтинг жарысында Қазақстанды Esil University студенті Нұрғазин Қамбар өкілдеп, 1-орын алды.
Чемпионды әуежайда Esil University оқытушылары Сакен Таликбаевич, Жалғас Баимбетович және университет белсенділері қарсы алды.
Esil University ректоры Аяпберген Алданаевич чемпионды жеке өзі құттықтап, оған оқуға жеңілдік берілетінін атап өтті.
— Әрине, біздің университетімізден Қамбар сияқты әлемдік деңгейдегі спортшының шығып жатқанына қуаныштымыз және әрқашан қолдауға дайынбыз. Бұл жетістік басқа студенттерге үлгі болады деп үміттенеміз. Қамбарды тәрбиелеген әжесіне үлкен рахмет, — деді ректор.
— Таңертеңнен бері университет ұжымы немерені ұйымдасқан түрде қарсы алды. Мен өте қуаныштымын. Мен немерема әрқашан осы университеттің туын одан да биікке желбіретіп, өз атын ашсын деп айтамын. Болашақ сіздердің қолдарыңызда, жастар! — деп университет ұжымына алғыс айтты Қамбара Мархамат Нұрғазина әжесі.
Esil University Нұрғазин Қамбарды кезекті үлкен жеңіспен құттықтайды!