ВТиПО 25/23 мамандығының бірінші курс студенті Абдиғани Нурасыл WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатында «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреті бойынша сәтті өнер көрсетіп, үздік он қатысушының қатарына енді.
Жарыс барысында Нұрасыл мобильдік қосымша жасау бойынша кешенді жұмысты орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Бірінші күні ол Android Studio ортасында Java тілінде жобаның құрылымын әзірлеп, базалық беттер жасады. Екінші күні Adobe XD-де экран дизайны жасалып, анимациялар баптандырылды. Үшінші күні қатысушы анимацияларды Android Studio-ға интегралдап, JSON-файлдан деректер жалғады. Қорытынды кезең — қосымшаны эмуляторда сәтті тестілеу болды, бұл барлық функциялардың дұрыс жұмыс істейтінін растады.

