Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы құрметіне Esil University «Құқық» кафедрасы 10 маусымда «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету», «Бизнес-құқық», «Кеден ісі» және «Заңтану» білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс студенттері арасында байқау өткізді.
Қатысуға 30 студент іріктелді. Конкурс екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар бір дұрыс жауапты таңдаумен 25 сұрақтан тұратын тестке жауап берді. Кем дегенде 20 дұрыс жауап берген студенттер екінші турға — ҚР Конституциясы бойынша сұхбатқа өтті.


