Esil University «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Экономикалық дипломатия» пәні шеңберінде Президент орталығына барды.
Экскурсия магистр және аға оқытушы Муканова М.А. жетекшілігімен өтті. Экскурсия барысында студенттер мемлекет құрылысының тарихы мен Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі кезеңдерін бейнелейтін бірегей экспонаттармен танысты.


