«Банк Фридом Финанс Казахстан» АҚ филиалының базасында «Финансы» мамандығының 4-курс студенттері үшін «Банк қызметіндегі инновациялар» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Дәріскер ретінде банк мамандары шақырылды — Алиев З.А., Астана қаласы филиалының корпоративтік клиенттермен жұмыс бөлімінің басшысы, Ргебаева Д.Ж., эквайринг бөлімінің бас маманы.
Өз сөзінде банк мамандары студенттерге банктің қазіргі жай-күйімен, Қазақстандағы басқа ЕДБ-дан осы банкті ерекшелейтін банктік бизнес бағыттарымен толық таныстырды. Цифрлық форматта инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын банктік өнімдер қарастырылды.
Тікелей практикалық материалда банк үшін цифрлық қызмет көрсету форматын енгізудің қаншалықты тиімді екені көрсетілді. Тақырып сұрақтары 4-курс студенттерінің «Банктердің қаржылық талдауы» пәні бойынша оқыған материалымен байланыстырылды. Дәріс тыңдаушылардың қызу қызығушылығын тудырды, сұрақтар қойылды, оларға білікті жауаптар мен негіздемелер берілді.
Алынған мәліметтер, пікірлер мен ақпарат тек танымдық емес, сонымен бірге кәсіби сипатқа ие. Сабақтың мазмұны банктік қызметті талдау мен бағалау дағдыларын игеруге бағытталған, бұл болашақ мамандардың практикаға бағытталған дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.