Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Студенттер әлем халықтарының отбасылық дәстүрлерімен танысты

Esil University-де «Отбасылық дәстүрлердің ерекшеліктері» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Тәрбиелік іс-шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. С.А. Рахимбекова ұйымдастырды. Іс-шараға «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1 курс студенттері қатысты.

Іс-шараның мақсаты ғалымдардың отбасылық дәстүрлер туралы еңбектерімен танысу болды. Студенттер дүние халықтарының отбасылық дәстүрлерін қарастырды. Іс-шара барысында 1-курс студенттері түрлі-түсті материалдарды пайдаланып, зерттеу жұмысын жүргізді.

Студенттер әлем халықтарының отбасылық дәстүрлерімен таныстыСтуденттер әлем халықтарының отбасылық дәстүрлерімен танысты
ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық