Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Студенттер қауіпсіз қарым-қатынас пен жеке шекараларды талқылады

Тәрбие жұмысы жоспары аясында «Туризм» білім беру бағдарламасының 3 курс кураторы Муслимбекова М.А. 3 курс студенттері үшін «Қазіргі ортадағы қауіпсіз қарым-қатынас және жеке шекаралар» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттерде жеке қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарас қалыптастыру, ықтимал қауіпті мінез-құлық нысандарын тану дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың психологиялық және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру болды.

Студенттер қауіпсіз қарым-қатынас пен жеке шекараларды талқыладыСтуденттер қауіпсіз қарым-қатынас пен жеке шекараларды талқылады

Кураторлық сағат барысында жеке шекараларды құрмет тұту, тұлғааралық қарым-қатынас этикасы және күнделікті және цифрлық кеңістіктегі жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Талқылау аясында назалаушы мінез-құлық мәселесіне, оның ықтимал көріністері мен адамның эмоциялық жағдайы мен әлеуметтік бейімделуіне тигізетін салдарларына ерекше назар аударылды.

Студенттер қауіпті қарым-қатынастың белгілерімен, жеке ақпаратты қорғау жолдарымен, сондай-ақ қолдау мен көмекке жүгінуді қажет ететін жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерімен танысты. Байланыс қалыптастырудағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің рөлі және цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігі жеке талқыланды.

Кураторлық сағат конструктивті диалог форматында өтті, бұл студенттерге талқылауға белсенді қатысуға, сұрақтар қоюға және пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік берді. Өткізілген іс-шара студенттерде сыйластыкпен қарым-қатынас мәдениетін, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті және заманауи қоғамда саналы мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық