«Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасының 1 және 4 курс студенттері магистр, аға оқытушы Муканова Мадина Асылбекқызының басшылығымен Digital Bridge 2025 халықаралық көрмесіне барды.
Іс-шара аясында студенттер цифрлық технологиялар, инновациялар мен стартаптар саласындағы соңғы трендтермен танысты, сондай-ақ ірі IT-компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысқан пленарлық отырыстарды тыңдауға қатысты.


