2024 ж. 7 қазанЖаңалықтар
Esil University студенттеріне академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы айтылды
Esil University-де «Есеп және аудит» және «Статистика» қазақ топтарының екінші курс студенттері үшін академиялық ұтқырлыққа арналған кураторлық сағат өтті.
Іс-шара халықаралық бөлім қызметкері Мадина Амановның және топ кураторы Мадина Успамбаеваның қатысуымен өтті.
Кездесу барысында студенттер алмасу бағдарламалары, шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, қатысу шарттары және өтініш беру рәсімдері туралы білді. Халықаралық бөлім қызметкері академиялық ұтқырлықтың болашақ мансап пен жеке өсу үшін қандай артықшылықтар беретінін егжей-тегжейлі түсіндірді.