«Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» кафедрасында АЖ, ЕТжПО және АЖ білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған, админ-бағдарламашы Баяхатов Замир өткізген қонақтар дәрісі өтті. Дәрістің тақырыбы қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерде бұлтты сервистерді қолдануға арналды.
Дәріс барысында бұлтты технологиялардың негізгі ұғымдары мен архитектурасы, қызметтер ұсыну үлгілері, сондай-ақ бұлтты шешімдерді оқу және кәсіби қызметте пайдаланудың практикалық аспектілері қарастырылды. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, орналастыру және сүйемелдеу кезінде бұлтты сервистерді пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

